Есептесудің биллингтік жүйесі продуктивке іске қосуға дайын

Қазақ

2018 жылғы қыркүйектен бастап қараша аралығында KEGOC-тың 9 өңірлік филиалында өткен Биллингтік жүйені тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдаланудың қорытындалары осыған дәлел. 

БКБ режимінде «ЖЭТ» филиалдарының қосылуымен, Жоба демеушісі, Жүйелік қызметтер жөніндегі басқарушы директор Мұхтар Бекеновтің төрағалық етуімен тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану нәтижелері бойынша кездесу өтті. 

Екі ай ішінде мамандар жаңа ақпараттық жүйенің әзірлеулерін сынады. Осы кезең ішінде 1295 өтінім түсті, оның 1277-сі пысықталды және жабылды, қалғандары орындалу барысында. 

Сонымен қатар жобаны іске асыру кезеңінде 18 000 нормативтік-анықтамалық ақпарат жазылды, 744 шарт және 2275 қосымша енгізілді. 

БИЖ ERP, АТ басқару, деректерді сақтау жүйелері, сонымен қатар SCADA, ЭКЕАЖ сияқты электр энергиясын есепке алудың сыртқы жүйелерімен біріктірілді. 

БИС-тің 8 модулі және 6 қосымша жүйелерінің жұмыс істеуінің арқасында деректерді енгізу, оларды өңдеу, энергетикалық баланстар, қаржылық құжаттар, қызметтер көлемінің болжамын, талдамалы есептер құру процестері автоматтандырылады. Соған қоса, электр энергиясын тұтыну мен өндіру балансының біртұтас әдіснамасын құру оларды есептеу және қайталанатын алгоритмдерді құрылымдау тәсілдерін бір ізге салуға және есеп айырысу рәсімдерінің анықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Биллингтік жүйе 2019 жылғы 3 қаңтардан бастап өнімді пайдалануға енгізіледі. Биллингтік жүйе енгізілгеннен бастап курьерлік шығындар 50%-ға, байланыс қызметтері бойынша жыл сайынғы лимит 15%-ға қысқарады, адами факторлармен байланысты тәуекелдер төмендейді, баланс құру және талдамалы есептер әзірлеу мерзімдері қысқарады. 

2019 жыл ішінде БИЖ-дің АТ басқару жүйесі (ITSM) және ЕСМ құрауыштарымен (деректерді архивтеу және құжатайналымы) біріктіруді аяқтау жоспарлануда. 

Енгізіліп жатқан өзгерістердің ауқымы бойынша KEGOC-тағы Биллингтік жүйені бірегей деп атауға болады. Жаңа жүйе енгізілгеннен бастап тұтынушылармен есеп айырысу жүйесіне қолданыстағы деректерді қолмен енгізу автоматтандырылады, ал тұтынушылар, бұл энергия нарығының 260 субъектісі, «Жеке кабинет» арқылы тұтыну  туралы деректерді енгізуге, шарттар, есептеулер мен төлемдер туралы, есеп айырысу кезеңі бойынша мәліметтерге және басқа да қолжетімділікке ие болады.