KEGOC АҚ-да KEG01 – кәсіпорынның кеңейтілген процестерін ендіру жобасының екінші кезеңі басталды

Қазақ

KEG01 «Кәсіпорынның процестерін ендіру» жобасының екінші кезеңі бойынша бастапқы кеңесте «BI-Consulting» консультантының командасы таныстырылды, жұмыстардың міндеттері мен көлемдері белгіленді. 

Кездесуге Жобаның демеушісі – Қаржы және есепке алу  жөніндегі басқарушы директор Айбек Ботабеков, Жобаның басқарушы комитетінің мүшелері, бизнесті трансформациялау орталығының басшылығы, сонымен қатар жобалау командасының мүшелері және басқа мүдделі тұлғалар қатысты. 

 «Жұмылдыру» фазасы шеңберінде дайындық жұмыстары шартқа қол қойылған сәттен басталды және осы уақытқа дейін жалғасуда, қазіргі сәтте мердігер тарапынан жобалау командасын жұмылдыру процесі аяқталып жатыр. 

4 ақпаннан бастап жобалау командасы 2019 жылғы 30 маусымға дейін созылатын «Концептуалды жобалау» фазасының жұмысына кіріседі.  Аталған фазаның шеңберінде өндірістік қауіпсіздікті басқару, тәуекелдерді басқару және тиімділікті басқару сияқты кеңейтілген бизнес процестер бойынша әдіснамалық құжаттар, жобалық шешімдер және концептуалдық жобалардың толық қатары әзірленеді және келісіледі. Сонымен қатар, кейбір бұрын ендірілген бизнес-процестер бойынша функционал кеңейтіледі.   

Екінші кезеңнің ұйымдық периметрінде базалық процестерді ендіру шеңберінде 10 филиалды және екі еншілес ұйымды қоса алғанда, Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері қамтылған.  Компанияның қызметкерлерін жұмылдыру көлемі бұрынғыға қарағанда азырақ болады, бірақ та айтарлықтай болып қалады. 

Кеңейтілген процестерді ендіру базалық процестерді ендірудің логикалық дамуы болып табылады және бірыңғай қайшы механизмге компанияның барлық негізгі бизнес-процестерін байланыстыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде компанияның жалпы алғандағы тиімділігін одан ары арттырады.