KEGOC корпоративтік мәдениетін дамытуды жалғастырады

Қазақ

Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев және Компания басқармасы мүшелерінің, «ЖЭТ» филиалдарының БКБ форматында қатысуымен  «KEGOC» АҚ Корпоративтік мәдениетін 2018-2020 жылдарға дамыту» жобасы бойынша бастапқы жиналыс өткізілді. Жоба шеңберінде корпоративтік құндылықтар сипатталып, Жол картасының жобасы дайындалды, жобалау құжаттамалары әзірленді және бекітілді. 

Аппарат басшысы Болатбек Омаров қатысушыларға корпоративтік мәдениетті жетілдіру шеңберіндегі компания қызметі туралы баяндады. 2017 жылдың соңында «Самұрық-Қазына» АҚ бастамасы бойынша KEGOC портфельдік компаниялардың ішінде бірінші болып жобаны жүзеге асыруға кірісті. Жобаның негізгі мақсаты корпоративтік құндылықтарды анықтау және корпоративтік мәдениеттің нысаналы моделін ендіру. 

Корпоративтік мәдениеттің ағымдағы моделін анықтау үшін Қор әдіснамасына сәйкес диагностика жасалды. Топ-менеджментті тікелей жұмылдыра отырып, қызметкерлердің кең ауқымына сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша отбасылық-иерархиялық түр басым шыққан модель анықталды. Жалпы, KEGOC

тұрақтылықты, сыртқы сын-тегеуріндерге төзімділікті сақтауға  және жетістікке жетуге септігін тигізетін қатаң иерархиялық тәртіптегі ұйымшыл отбасы ретінде сипатталады. 

Компания иерархиялылықты төмендету арқылы жобалық түрді күшейту үшін шамалы түзету енгізе отырып, корпоративтік мәдениеттің осы түрін сақтауға ниетті. 

Компания бюрократия деңгейін төмендету, бизнес шешімдер қабылдау барысында икемділік таныту және тұрақты түрде инновациялар ендіруді бұл мәселенің шешімі ретінде қарастырып отыр. 

Бақытжан Қажиев атап өткендей бұл жоба компания үшін өте маңызды. «Біз ерешке мәдениетіміз, мықты корпоративтік рухымызды әрдайым мақтан тұттық және бұл мақсаттарымызға жетуде көмектесті. Мәдениетімізде отбасылық түрдің басым болуы KEGOC ұжымының ұйымшылдығының көрсеткіші. Корпоративтік мәдениетті бұдан әрі жетілдіру барысында оның мықты жақтарын сақтап, тұрақты және үздіксіз жетілдіру практикасын ендіру және жобалық басқаруды күшейту жоспарлануда. Компания бұл тапсырманы орындап шығатынына сенімдімін». 

Жеке қосалқы станцияларды қоса алғанда идеяларды барлық қызметкерлердің арасында жылжыту мақсатында аймақтарда «ЖЭТ» филиалдары қызметкерлері арасынан Әсер ету агенттерінің пулы құрылды.