KEGOC өндірістік активтерді басқару процестерінің нысаналы моделін ендіру тәжірибесімен бөлісті

Қазақ

«KEGOC» АҚ-да өндірістік активтерді басқару процестерінің нысаналы моделін ендіру тәжірибесімен алмасу үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ портфельдік компанияларынан сарапшылар қатысқан «Дөңгелек үстел» өткізілді. 

Бұл KEGOC-тағы алғашқы кездесу емес: «дөңгелек үстелдер» тұрақты түрде өткізіледі және ең алдымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ компаниялар тобында өндірістік активтерді басқару процестерін ендірудің алдыңғы қатарлы тәжірибесін зерттеуге бағытталған. Процестерді автоматтандыру ұлттық компанияларда  Цифрлық трансформациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізіледі және бизнестің тиімділігін арттыруға бағытталған.

«KEGOC» АҚ өндірістік активтерді басқарудың базалық бизнес-процестерін ендіру тәжірибесін таныстырды, атап айтқанда:

Жобаның ұйымдық құрылымы;

Жоба фазаларын ұйымдастыру және бақылау;

Техникалық объектілердің деректер базасын жасау және жүргізу;

Нормативтік-анықтамалық ақпаратты (НАА) жасау және жүргізу;

ТҚжЖ жоспарлау (жылдық, айлық, шұғыл);

ТҚжЖ орындауды басқару;

Мердігер ұйымдардың жұмыстарын/қызметтерін басқару.

SAP ERP-да  Z- әзірлемелерді іске асыру SAP ERP PM базалық процестері және өндірістік активтерді басқару процестерінің нысаналы мақсаттары арасындағы Fit-GAP талдау негізінде.

Портфельдік компаниялар өкілдерінің пікірі бойынша, кездесу жемісті де тиімді болды. Біздің компаниямыздың ТҚжЖ бағытын ендіру саласындағы тәжірибесі бұдан былай баршамыз үшін пайдалы және келесі «Дөңгелек үстел» «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-да өткізіледі деп шешілді.