KEGOC-та ERP SAP-ты тәжірибелі пайдалану басталды

Қазақ

2018 жылғы 1 қарашадан бастап және жылдың соңына дейінгі кезеңде компанияның 9 бизнес-процесі тәжірибелік режимде жұмыс істейтін болады. Пайдалану барысында проблемалар анықталып, продуктивке енгізілер алдында жүйенің  қажетті пысықталуы қамтамасыз етіледі, ал 1000-нан астам қолданушылар жаңа жұмыс дағдыларын бекітеді. 

Жүйенің тәжірибелі пайдалануға көшуі туралы шешім компанияның өңірлік филиалдарын онлайн режимде қосып, өткізілген «Кәсіпорын процестерін ендіру» жобасы бойынша басқарушы комитеттің кеңейтілген отырысында қабылданды. 

Отырыста «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация, жекешелендіру және қайта құрылымдау  жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Рахметов, «KEGOC» АҚ Басқарма мүшесі Бақытжан Қажиев және топ-менеджменті, Трансформацияның орталық командасының өкілдері (Самұрық-Қазына Бизнес Сервис) жоба шеңберінде атқарылған дайындық жұмыстарының нәтижелері және көлемдерімен танысты. 

Осылайша жобаны іске асыру кезеңінде жобалық шешімдердің кескіндемелері, деректерді көшіруге дайындық қамтамасыз  етілді, икемделген функционалдың кешендік сынамалары жүргізілді, 231 негізгі қолданушы оқытылды, соңғы қолданушылар үшін жүйеде жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтар әзірленді, сонымен қатар өнімді ландшафт құру және басымдылығы жоғары әзірлемелерді іске асыру бойынша жұмыстар  (RICEFW) жасалды. 

Дайындық және процестерді іске қосу кезеңдерінде жүйе кескіндемесі және деректерді қолданыстағы жүйеден SAP жүйелеріне көшіру тестіленді, продуктивке енгізілгеннен кейін жүйелерде жұмыс істейтін 746 соңғы қолданушы оқытылды және аттестатталды. 

«Intarget Solutions» ЖШС интегратор-компания тарапынан жоба жетекшісі Маргарита Лянның айтуы бойынша жұмыстар уақытында және жоспарланған көлемде жүргізілді. «Кескіндеме және жүйе ландшафтын баптау шеңберінде кешіктірулер болды. Қазіргі уақытта кешіктірулер қысқарды, қосымша пысықтауды қажет ететін кей жайлар бар, бірақ олар жобаның жалпы іске асу мерізіміне әсер етпейді», - деп түсіндірді ол. 

SAP жүйелерін тәжірибелі пайдалану кезеңінде қолданушыларға техникалық қолдау көрсету мақсатында компания және «Энергоинформ» АҚ еншілес ұйымы қызметкерлері арасынан арнайы дайындалған негізгі қолданушылар қолданыстағы техникалық ресурстарды қолдана отырып, үш деңгейлі схемада қолдау көрсетеді. 

 Негізгі қолданушылардың SAP  жүйелерін оқыту, тестілеу және кескіндеуге тікелей қатысуының арқасында соңғы қолданушыларға қолдау көрсететін және SAP-тың толық жұмыс істеуін қамтамасыз ететін құзыреттер пулы қалыптасты. 

Нұрлан Рахметов жобаны жүзеге асыру шеңберіндегі компания жұмысын жоғары бағалады. «KEGOC» АҚ компания өз бетімен идеялар ұсынып, өзгерістерді енгізіп және бизнес-процестерді жетілдіретін кемелдену және даму деңгейіне жетті. Бұған мықты корпоративтік мәдениет те себепші, себебі қиындықтар мен даулы жағдайларға қарамастан, KEGOC мақсатқа бағытталған күшті және ынтымақты команда болып қала береді. Дәл осы сарынмен жалғастырып, осы жобаны сәтті аяқтауларыңызды тілеймін».