KEGOC-та Трансформациялау бағдарламасының Жол картасы жаңартылды

Қазақ

25 қаңтарда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының 2019-2022 жылдарға арналған жол картасын бекітті. Бұл құжат Бизнесті трансформациялау бағдарламасының жүзеге асырылу барысын мониторингілеу және бақылау құралы болып табылады. Мұнда Трансформация жобалары портфелінің барлық 8 жобасы бойынша негізгі жұмыстар мен іс-шаралар көрініс табады. 

2018 жылдың қорытындылары бойынша Жол картасының жоспарланған 32 бақылау нүктесінің барлығы іске асырылды. Трансформациялау жобалары бойынша «Кәсіпорын (негізгі) процестерін ендіру» және «АТ басқарудың нысаналы моделін ендіру» жобаларының алғашқы кезеңдері іске асырылды, сонымен қатар «Жүйелік қызметтер процестерін жетілдіру» жобасы мәресіне жетті. 

Мақсаты қолданыстағы Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін (АҚБЖ) компанияның барлық ақпараттық жүйелерінде кеңейту болып табылатын «Ақпараттық қауіпсіздіктің нысаналы моделін ендіру» жобасы аяқталып қалды. 

«KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасы өзгерістердің үш бағыты бойынша жүзеге асырылады: АДАМДАР, ПРОЦЕСТЕР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР. Үш бағыттың үйлесімі Компания қызметінің тиімділігін арттыру және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің іргетасы және негізі болып табылады.