KEGOC-тың корпоративтік құндылықтарын жоғары басшылық трансляциялайды

Қазақ

Тәуелсіз директорлар, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Доминик Фаш, Ермек Құдабаев және Януш Биалек компанияның 30 перспективалы қызметкерімен кездесті. Директорлар кеңесінің отырысында дәл сол күні бекітілген корпоративтік құндылықтар кездесудің басты тақырыбы болды. 

KEGOC-та мұндай кездесулер жыл сайын өткізіледі және корпоративтік саясат, маңызды басқарушылық шешімдер қабылдауда басшылық пен алдыңғы қатарлы қызметкерлер арасындағы өзара әрекеттестікті орнатуға бағытталған. Соған қоса мұндай кездесулерде қызметкерлер көкейіндегі сауалдарға жауаптар және маңызды ақпаратты бұрмалаусыз алады.

Іс-шара «Самұрық-Қазына Корпоративтік университеті» ЖМ-мен бірлестікте ұйымдастырылды және ойын және командалық тапсырмалар берілген интерактивті түрде өтті. Төрт команданың әрқайсысы компанияның корпоративтік құндылықтарының жеке блогін  ұсынды - «Әділдік және шыншылдық», «Сын-тегеурін және даму», «Бірлік және жауапкершілік», «Дәстүр және сыйластық». 

Тәуелсіз директорлар бақылаушылар рөлін атқарды, қатысушылармен кәсіби тәжірибесімен және сала мен компанияны бұдан әрі дамытуға қатысты пайымдарымен бөлісті. 

Корпоративтік құндылықтар моделі «KEGOC» АҚ Корпоративтік мәдениетін 2018-2020 жылдарға дамыту» атты Трансформациялау бағдарламасының жаңа жобасы шеңберінде әзірленіп, бұл бойынша бірнеше күн бұрын бағыт беретін кеңес өткізілді. Бұл жоба адамдарды трансформациялау, «KEGOC» АҚ корпоративтік мәдениетін бұдан әрі жетілдіру, қызметкерлердің қатысуын арттыру және адам капиталын дамыту бойынша бастамаларды іске асыруға бағытталған.