Таза ауада өткен берекелі өзара іс-қимыл: KEGOC 22-жылдығын қалайша атап өтті

Қазақ

Биыл  ең ірі электр желілік компания – KEGOC өзінің құрылғанына 22 жыл толу салтанатын атап өтті. Компания ұжымы осы оқиғаны корпоративтік құндылықтар ұранымен өткен үлкен тимбилдинг форматында мерекеледі. 

«Үздіктердің заманы: KEGOC 22.0 кернеулі» 400-ден астам адам қатысқан команда құраушы іс-шара осылайша аталды. Орталық аппараттың, Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы филиалының және еншілес ұйымдардың бас кеңселерінің қызметкерлері кеңселерін табиғат аясындағы ашық алаңға ауыстыра отырып, тағы да бір рет корпоративтік рухтың күші мен үлкен тату-тәтті команданың ынтымақтастығын көрсетті. Зияткерлік және шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып, сонымен қатар спорттық турнирлерден өте келіп, барлық деңгейлердің қызметкерлері басшылықпен бірге өздерінің корпоративтік құндылықтарының маңыздылығын сақтады. Бұл жерде басшылар мен бағыныстылар емес -  адамдар мен бір ғана мақсат -  символ ретінде SHYAQ - СВЕТ тұжырымын құрайтын энергетиктердің сегіз негізгі қасиетін дәлелдейтін жемісті бірлескен іс-қимыл орын алды.

Компания басшысы Қажиев Бақытжанның сөзіне орай, бірігу факторы мен әртүрлі кедергілерден өту осындай кездесулердің құндылығы болып табылады. Мықты корпоративтік мәдениет әрқашан «кегоктықтардың» үлкен мақтанышы болатын. Оны барлық жерде байқауға болады. Осы жердегі іс-шарада біріміз теңбіз. Мүмкіндіктеріміз де бірдей, бірақ әрқайсымыздың өз дағдыларымыз бен дарындарымыз бар. Ойын кезінде де, біз, өндірістегідей осы ресурстарды тиімді пайдаланамыз және мақсаттарымызға қол жеткіземіз. Бұны бейресми қарым-қатынастың үздік те пайдалы тәжірибесі деп есептеймін, - деп ол атап өтті.

Іс-шараға қатысушылардың және ұйымдастырушылар командасының пікірі бойынша компания күнін осындай форматта мерекелеу өте сәтті идея болды. 

«KEGOC-та өтіп жатқан ауқымды өзгерістердің жолбасшысы болып табылатын өңірлік филиалдардан келген әріптестеріміздің бүгін бізбен бірге екендігі есте қалардлық оқиға. Корпоративтік рухтың бар күшін терең сезініп және жағымды әсерлерді ала отырып, олар даму және жетілдіру процестеріне көпшілікті жұмылдыру жұмыстарын жаңа күшпен жалғастырады, - деп Өзгерістерді басқару блогының жетекшісі Байтурова Айгүл өз пікірімен бөлісті. 

Мәскеуден шақырылған Өзгерістерді басқару жөніндегі сарапшы Юрий Проскурни өткізген жаттықтырушы семинар және Өндіріс жөніндегі басқарушы директор Бақытхан  Жазықбаевтың агенттермен ағымдағы өндірістік міндеттерді талқылаған және олардың миссиясының таңдаулылардың бірі ретінде маңыздылығын ерекше атап өте отырып өткізген жеке кездесуі өзгерістер агенттері үшін ынталандыру болып табылды. 

Айта кетер болсақ, осы жылы KEGOC-тың барлық филиалдарында  компанияның құрылған күнін тимбилдинг форматында мерекеледі, бұл игі дәстүр болып қалыптасуы әбден мүмкін.