Таза ауадағы сындарлы жұмыс

Қазақ

Ағымдағы жылғы 27-28 маусымда «Энергоинформ» АҚ Оқыту орталығында «Электр қуаты нарығының жұмысын 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша талдау мен талқылау» тақырыбындағы семинар өтті. 

Жүйелік қызметтер департаменті дәстүр бойынша жыл сайын бір орында әртүрлі калибрлі, бірақ та бір бағыттағы жүйелік қызметтерді көрсету  бойынша жұмыс істейтін мамандарды жинайды. Бұл өзіндік коворкинг болып табылады, ол жерде жылына бір рет орталық кеңсенің, «KEGOC» АҚ филиалдарының және «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС еншілес ұйымының қызметкерлері өндірістік мәселелерді бірлесе пысықтау және туындаған мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу үшін жиналады.

Биыл «жүйеліктердің» слетінің негізгі тақырыбы болып ағымдағы жылдың басында енгізілген электр қуаты нарығының  қызмет атқаруы қағидаларына енгізілген өзгерістер, сонымен қатар «ЖЭТ» филиалдары, «ЖО ҰДО» және «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС-ның электр қуаты нарығында жұмыс істеуі кезіндегі  өзара іс-қимылы өзекті мәселелерінің бірқатары табылады. 

Таза ауадағы екі күн өнімді өтті: қатысушылар қуат нарығы шеңберінде өзара іс-қимыл регламенттеріне өзгерістер енгізу, өңірлер бойынша болжамдық өтінімдерді жасау және жинақтау тәртібі, сонымен қатар электр станцияларын тестілеу және генерациялаушы қондырғылардың электр қуатын атестаттау бойынша ұтымгерлік ұсыныстарды енгізді. 

Жүйелік қызметтер департаментінің директоры Жәнібек Қуанышбаевтың сөзі бойынша, осындай кездесулер өте пайдалы және құрылымдар арасындағы сындарлы өзара іс-қимылға ықпалын тигізеді. Біздің міндетіміз – адамдардың бір бірімен бетпе-бет танысулары және өздерінің барлық мәселелерін бірлесе шеше алулары, пікір алмасулары үшін барлығын бірге жинау. Еркін жағдай бәрімізді жақындастырады және біртұтас команда ретінде  қалыптасқандығымызды дәлелдейді, бұның тиімділігі - осында, - деп ол атап өтті.

Семинарға қатысушылардың Биллингтік жүйені қолданушылар болып табылатындығы да аса ерекшелік. Осыған байланысты «осындай жағдайды пайдалана отырып» жүйелік қызметтерді жетілдіру бойынша жобаның менеджері Құралай Айтжанова әріптестерін 2019 жылғы бірінші жартыжылдық кезеңі ішіндегі Биллингтік ақпараттық жүйе жұмысының қорытындыларымен  таныстырды. Жиналғандар жеке кабинеттерді қызметтерді тұтынушылар арасындағы жүйеде пайдалану деңгейін талқылады және энергия нарығы субъектілерін Биллингтгік жүйенің жеке кабинетіндегі жұмысқа тарту бойынша жоспарды белгіледі. Сонымен қатар, «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС өкілдері Биллингтік жүйенің мүмкіндіктері мен қолайлылықтарына қызығушылық танытты және олар қуат нарығында өткізілетін кейбір операцияларды Биллингтік жүйеге ауыстыруды жоспарлап отыр. Мамандардың пікірі бойынша, бұндай интеграция өндірістің тиімділігін және нарықтағы қызметтер сапасын арттыруға ықпал етеді. 

АНЫҚТАМА ҮШІН:

2019 жылғы  1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында электр қуаты нарығы іске қосылды, ол жерде «KEGOC» АҚ, Жүйелік опертатор ретінде электр станцияларын аттестаттау, олардың жүктемені алып жүруге дайындығын тұрақты тестілеу, тұтынушылардың қуатының нақты мәндерін айқындау және т.б. енетін техникалық басшылықты жүзеге асырады. Бұл ретте «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС қуат нарығында электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметтерді орталықтандырылған сатып алуды және қуат дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді сатуды жүзеге асырушы Бірыңғай сатып алушы болып табылады.