Трансформациялау бағдарламасын іске асыру амалдары жаңартылуда

Қазақ

15 наурызда KEGOС-та «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Б.Т.Қажиевтің, басқарушы директорлары мен БТО басшылығының «Самұрық-Қазына» АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Д.Ж.Керейбаев, Активтерді басқару дирекциясының «Энергетика» секторының аға менеджері А.Ю.Репинмен және «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялауының орталық командасының курторларымен кездесуі өтті. 

Қатысушылар Трансформациялау бағдарламасы бойынша амалдарды жаңарту бойынша бірқатар мәселелерді талқылады. Даурен Керейбаев қатысушыларға Трансформациялау бағдарламасын іске асыру амалдарына қатысты негізгі өзгерістерді таныстырды. 

Әр жеке портфелдік компания үшін трансформация жекеше түрде нақты пайда және ұйымның құнына әсеріне негізделе отырып құрылады. Соған қоса жобалар екі санат бойынша бөлінеді: қаржылық пайдалары бар жобалар (F типі) және сапалық пайдалары бар жобалар (Q типі).

Қор портфелдік компанияларда трансформациялау жобаларына қатысуды біртіндеп азайтуды және оң серпінге қол жеткізу шамаларына қарай Қордың нысаналы операциялық үлгісіне көшіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Қорда жобалардың іске асырылуын бақылау, мониторингілеуді қамтамасыз ететін, соған қоса мақсаттар мен қол жеткізілген нәтижелерді келісетін бағыттардың жаңа жетекшілері таныстырылды. 

Компаниялар жобалар мен өзгерістерді басқару қағидаларын жұмыста қолдануларын жалғастырады, бизнесті трансформациялау орталығының рөлдері мен функциялары сол қалпында қалады.