Ұжымдық баспа сервисі, корпоративтік киберқалқан, жоғары өнімділік мәдениеті. KEGOC қызметті жетілдіру жөніндегі жаңа бастамаларды талқылады

Қазақ

30 мамырда «KEGOC» АҚ Жаңғырту жөніндегі кеңесінің арнайы отырысында Қор бастамаларын іске асыру, KEGOC стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу және компания қызметінің тиімділігі деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралары бар трансформациялау мен цифрландыру жобаларының жаңартылған портфелі таныстырылды.

Іс-шара  жоғары дәрежеде «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевтың, «KEGOC» АҚ Басқарма мүшелері - трансформациялау жобаларының демеушілерінің, «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформациялау және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаевтың, «Самұрық-Қазына» АҚ Адами ресурстарды басқару жөніндегі департаментінің директоры Анар Мұхамеджанованың, бейіндік дирекциясының және Қордың Орталық трансформациялау командасының өкілдерінің қатысумен өтті.

Жобалар портфелі «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы А.С. Есімовтің 15.02.2019ж. №20-р (п.3) тапсырмасына сәйкес жаңартылды. Трансформациялаудың 4 және 8- жобаларының аяқталуы мен операциялық қызметке өткізу, сонымен қатар қызметтің тиімділігін арттыру және өндірістік шығыстарды оңтайландыру жөніндегі бірқатар іс-шаралар түзетудің алғышарттары болып табылды.

Осылайша, Портфельдегі жобалардың қалған төртеуіне «Самұрық-Қазына» АҚ бастамасы шеңберінде іске асырылатын барлық Қор компаниялары тобының киберқалқанын құру жөніндегі KEG09 «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету» жаңа жобасы қосылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқарудың өндірістік технологиялық жүйелерін қорғау жобаның мақсаты болып табылады.

Кеңседе жалпы пайдалануға арналған жоғары технологиялық кеңсе техникасы орнатылатын  - филиалдарда ұжымдық баспа деп аталатын сервисті ендіру жаңа портфельдің ең «халықтық» іс-шараларының бірі болып табылады. Осындай тәсілдің ең үлкен басымдылығы болып қызмет көрсету моделін және әртүрлі өндірушілердің жабдықтарының көптеген санын пайдаланудың шығыстарын оңтайландыру табылады. Сонымен қатар, компанияның орталық аппаратында осындай технологияны ендіру тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сервистік баспадан бір парақты басып шығару құны жеке жабдықта басып шығарумен салыстырғанда үш есе арзан болады. 

Айта кететіні, «ЖЭТ» филиалдары қызметкерлері үшін де үлкен артықшылық бар: жаңалықтардың филиалдарға жетуі арқылы түрлі-түсті басып шығаруды пайдалану қол жетімді және жеңіл болады. 

Филиалдардағы баспа сервисіне қызмет көрсету қызметін бәсекелес ортаға беру жоспарлануда. Yellow Pages қағидаттарына сәйкес компания 2017 жылдан бастап «Энергоинформ» АҚ қызметінің кейбір түрлерін алып тастау бойынша қадамдар жасалып жатыр. Қазіргі таңда жоспарланған қызметтер мен жұмыстардың 24-інің 10-ы ішінара немесе толықтай алынып тасталды. 

Сонымен қатар, АТ функцияларының тиімділігін арттыру бойынша бастама шеңберінде компанияда АТ-сервистерді сатып алу тәсілдері өзгертіліп отыр. Активтерді сатып алу немесе жалға алу мәселелері АТ-инфрақұрылымын басқаруда икемдірек етеді және операциялық тәуекелдерді төмендетеді деген мақсатқа сәйкестігіне сүйене отырып, шешіледі. 

Жоғары өнімділік мәдениетін дамытуға қатысты бастама шеңберінде, KEGOC-та үш бағыт бойынша өзгерістер жоспарланып отыр. Олардың барлығы әлеуметтік тұрақтылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, еңбек ресурстарының сапалы дамуына және соның нәтижесі болып компания брендінің ең үздік жұмыс беруші ретінде жоғарылауына бағытталған.

Басшы және басқарушы персоналға арналған көшбасшылықты дамыту бағдарламасы көшбасшылық құзыреттерді, соның ішінде икемділік, жаңашылдық және өз-өзін дамытуға ұмтылуды арттыруды болжайды. Компанияда үздіксіз оқыту мен жаңа дағдыларды дамыту құзыреттерін тарататын және әкімшілік пен өндірістік персонал арасында бастамашылдық әрі бейілділік атмосферасын туындататын көшбасшы-жаңашылдардың қажетті пулын қалыптастырады деп есептейді.

Адами ресурстарды басқару және HR процестерін оңтайландыру функциясын дамыту екінші бағыт болып табылады. Бәрі бірігіп перспективада құнды актив болатын және компанияның құнын арттыра алатын HR ролін стратегиялық бизнес-серіктес тарапына қарай жылжыту бойынша міндетті шешуі тиіс. 

Компанияда корпоративтік мәдениеттің дамуына ерекше назар аударылады. Жүргізілген диагностика нәтижесінде мәдениеттің отбасылық – иерархиялық үлгісі белгіленді. Мәдениеттің үлгісін жобалау үлгісін дамыту арқылы түзету және иерархиялық құрамдастың үлесін азайту - аталған бағыттың мақсаты болып табылады. Қазіргі уақытта Корпоративтік мәдениетті дамыту бойынша жол картасы іске асырылуда, бұның шеңберінде ShYAQ және СВЕТ сөздерінің негізіне енгізілген құндылықтар белгіленген.