Желілерді цифрландыру энергия жүйесін басқару сапасын арттырады

Қазақ

«WAMS/WACS синхрофазорлық технологиялар негізінде мониторингтеу және басқару жүйесін енгізу» жобасының алғышарттары және болжалды пайдалар туралы жоба демеушісі, «KEGOC» АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры Әскербек Қуанышбаев айтып берді. 

Жоба «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енді және 600 млн.теңге шамасындағы бюджетпен 2018-2020 жылдарға есептелді. 

2021 жылдан бастап, екі жүйе де - мониторингтеу (WAMS)  және басқару (WACS) тиімді пайдалануға енгізілгеннен кейін қаржылық пайда 130 млн.теңге шамасында болжанады. WAMS жүйесін жеткізу, монтаждау, жөндеу және техникалық қолдау үшін а.ж. маусымында General Electrics-пен шарт жасалды. 

Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады және нақты уақыт режимінде электр желілерін басқару есебінен өткізгіштік қабілетті максималды қолдануға бағытталған. Мұндай амал энергия жүйесінің жай-күйін бағалауға, тұрақтылық қорларын талдауға және мүмкіндіктерін тиімді қолдануға мүмкіншілік береді. 

WAMS (Wide Area Measurement System) жүйесі «500 кВ Шымкент» және «500 кВ Жамбыл» қосалқы станцияларын қоса алғанда «Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан» транзиті бағытында KEGOC қосалқы станцияларында орналастырылатын  PMU (векторлық өлшемдер құрылғысы) арнайы датчиктерінің көмегімен режимдердің мониторингін автоматты түрде жүргізеді. 

  

Қазіргі уақытта жабдықтар өндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр және а.ж. соңына дейін мониторингтеу жүйесі толық орнатылады және енгізіледі. 2019 жылы жобаның екінші бөлігі – 2020 жылы WACS (Wide Area Control System) режимдерін басқару жүйесінің  алгоритімін әзірлеу мақсатында жүйе жұмысын талдау жүргізілетін болады. 

Әскербек Қуанышбаев бейнеконференциялық байланыс режимінде «ЖЭТ» филиалдарының қызметкерлеріне жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыруға жауапкершілікпен қарауды сұрады. «Мемлекет территориясы бойынша отын энергетикалық ресурстарды біркелкі емес үлестіру себебінен оңтүстік аймақта энергия тапшы, ал солтүстікте энергия артық. Мұндай жағдайларда «Солтүстік-Оңтүстік» транзит желісінің өткізгіштік қабілеттерін қолдану өзекті болып табылады. Тұрақты емес жаңартылатын көздердің (жел және күн электр станциялары) электр энергиясын өндіруінің өсуі міндетті ауырлатады. Белсенді бейімделгіш желіні құру құралының бірі болып табылатын бұл жобаны сәтті іске асыру «Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан» транзитінің сенімділігін белгілі бір деңгейде күшейтуге мүмкіндік береді.