«ЖЭТ» филиалдарындағы ықпал ететін агенттер мен жастар топтарының көшбасшылары Нұр-Сұлтанда кездесті

Қазақ

2019 жылғы 14 мамырда KEGOC Атқарушы дирекциясының кеңсесінде трансформацияның ең «халықтық» жобаларының бірі – «2018-2020 жылдарға арналған «KEGOC» АҚ-ның корпоративтік мәдениетін дамыту» жобасын іске асыру шеңберінде ықпал ету агенттерімен кездесу өткізілді.   

Бұл - өз ұжымында әріптестерінің сыйы мен құрметіне ие болған белсенді және беделді қызметкерлерден құралған ықпал ету агенттері пулының алғашқы кездесуі. Ықпал ету агенттері ретінде өз ісінде кәсіби маман болып табылатын қызметкерлердің таңдалғаны кездейсоқ емес, себебі бұл агенттер «ЖЭТ» филиалдары қызметкерлерін корпоративтік мәдениетті дамыту мен жетілдіру шараларын іске асыруға қатыстыру бойынша жауапты жұмыс атқаратын болады.   

Жас қызметкерлер арасында корпоративтік мәдениетті дамыту және корпоративтік құндылықтарды ұстану идеяларын өте тиімді жылжыту үшін «ЖЭТ» филиалдарындағы жастар топтарының көшбасшылары мен «KEGOC» АҚ Жастар ісі жөніндегі кеңесінің өкілдері де шақырылды.     

Кездесуге қатысушылар жоба мақсаттарымен және міндеттерімен танысты, ықпал ету агенттерінің рөлі мен құзыреттері туралы ақпараттық тәжірибелік сессиядан өтті, сонымен қатар топтарда жұмыс істеп, тиімді байланыс орнату дағдылары мен өзгерістерді басқару құралдарын меңгерді.   

Жоба демеушісі - KEGOC басшысы Бақытжан Қажиев корпоративтік мәдениетті дамыту ең алдымен компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды екенін атап кетті. «2017 жылы жүргізілген диагностика нәтижелері бойынша бізде отбасылық-иерархиялық болып қалыптасқан корпоративтік мәдениет моделін анықтадық. Бұл басқа да ірі ұлттық компаниялардағы корпоративтік мәдениет түрінен анағұрлым басым болып табылады. Алған нәтижелерімізді талдап, корпоративтік мәдениетті компанияның стратегиясымен салыстыра келе, бюрократиялық жақтарын мәдениеттің жобалық түріне қарай азайту қажеттігін түсіндік. Біздің ұжымның ең белсенді өкілдері осы бастаманы зор ынта-ықыласпен іске асыруға дайын екеніне қуаныштымын».   

Аппарат басшысы Жаңабай Бексары іс-шара басталғанда ең алдымен қызметкерлерге галстуктерін шешіп, еркін отыруына ұсыныс жасап, жақсы көңіл-күй сыйлауы арқасында қатысушылар арасындағы қарым-қатынас жеңіл әрі нәтижелі болды. Қатысушылар аз уақыт ішінде алдын ала берілген үй тапсырмасын бірлесе талдап, жеке міндеттерін қалыптастырып үлгерді, сонымен қатар өзгерістерге және өзін-өзі жетілдіруге талпындыру үшін өз әріптестерін идеяларды іске асыруға тарту жоспарын белгілей алды.