«ЖЭТ» филиалдарының басшылығы мен қызметкерлері кеңейтілген бизнес-процестерді ендіру жобасының міндеттерімен таныстырылды

Қазақ

KEGOC аймақтық филиалдарымен болған бейне-конференц байланыс режиміндегі ақпараттық сессияда кеңейтілген бизнес-процестерді автоматтандыру жобасының кезеңдері мен күрделі кезеңдері туралы жоба жетекшілері айтып берді. 

Онлайн – іс-шараның нәтижесінде филиал қызметкерлері Трансформациялау бағдарламасын іске асыру барысы туралы, атап айтқанда ең ірі жоба - «Кәсіпорын процестерін ендіру» туралы ақпарат алды. 

Ағымдағы жылдың ақпан айында KEGOC кеңейтілген бизнес-процестерді автоматтандыруға көшті. Реинжиниринг Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерін қамтып, басқарудың барлық кезеңдеріндегі негізгі және қосалқы бизнес-процестерді қозғайды. 

Жоба көлемі мынадай функционалды бағыттарды:

- Тәуекелдерді басқару

- Стратегиялық жоспарлау және тиімділікті басқару

- Өндірістік қауіпсіздікті басқару

- Процестік басқару жүйесі

- Audit Management

 және де мынадай «базалық» процестерді дамытуды қамтиды:

- Басқарушылық есепке алу

- Қазынашылық және корпоративтік қаржыны басқару

- Персоналды басқару

- Деректерді басқару

- Бизнес-бастамалар портфелі мен жобаларды басқару

- Өндірістік активтерді басқару 

- Бухгалтерлік есепке алу.

Жеке бұйрықпен белгіленген негізгі қолданушылардың арасында «ЖЭТ» филиалдарының мамандары бар.  Олар жобалық шешімдерін іске асыруға, жүйе функционалын тестілеуге және соңғы қолданушыларды оқытуға, қолдауға тікелей қатысады.

Қазіргі уақытта жоба концептуалдық жобалау сатысында. Осы сатының шеңберінде жобалық шешімдерді, өзгерістер жоспарын, қажетті әдіснамалық құжаттарды, сонымен қатар жүйенің негізгі қолданушыларын оқыту жоспарлануда. 

Кездесу соңында филиал басшылары Бизнесті трансформациялау бағдарламасының шеңберінде қойылған міндеттерді орындауға және барлық бастамаларды іске асыруға ат салысуға дайын екендіктерін жеткізді.