Ұлттық энергожүйе

Қазақ

Қазақстан Республикасы электр энергетикасының құрылымы

Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жиынтығын құрайды.

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

• энергия қуатын тұтынушылардың сұранысын жоғары-деңгейде қанағаттандыру және тұтынушылардың ішкі нарықта электр мен жылу энергиясын жеткізушілерді таңдау құқығына кепілдік беретін бәсекелестік жағдай тудыру жолымен электр және жылу энергиясы нарығының қатысушыларының құқықтарын қорғау;

• Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенінің сенімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;

• еліміздің шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешенінде тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды  құралы саналатын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кешенін басқарудың тұтастығы.

Электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі болып табылады. 

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі:

• электр энергетикасы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

• электрмен жабдықтаудың үлгі шартын әзірлейді және бекітеді;

• жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялаушы қондырғыларды салу ға үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;

• электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;

• электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;

• Тұлғалар тобының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құруға үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;

• Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялаушы қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеуі, сонымен қатар осы нарықта қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі авариялық бұзылулардың алдын алу және оларды жою бойынша қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

• Энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді,

• Электр қондырғыларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникалары қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр станциялараның жылу механикалық жабдықтарын және жылу желілерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникалары қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электрмен жабдықтауды авариялық және технологиялық брондау актісін құру бойынша нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергиясын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукцион) сатылатын, сатып алынатын мүлік (активтер) тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды;

• Электрмен жабдықтау сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр желілік қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

• Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Тозаң тектес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылу қауіпсіздігінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр желілердің күзетілетін аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер телімдерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Әуелік электр жеткізу желілерінің тіреулерін орналастыруға арналған жер телімдерінің көлемдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр жеткізуші ұйымдардың электр энергиясын жеткізу бойынша қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Құралдар мен аспаптармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Біртұтас электр энергетикалық жүйе, электр станциялары, аудандық қазандықтар, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзылушылықтарды тексеру және есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Техникалық жаңарудан кейін электр станцияларының энергия объектілерін, электрлік және жылу желілерін пайдалануға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Энергетикада жұмыс орындарын аттестаттау, оңтайландыру, есепке алу және жоспарлау турал ережені әзірлейді және бекітеді;

• Жылу энергиясын босатуды және жылу тасымалдағышты есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр станциялары, жылу және электр желілерінің жабдығын, ғимараттарын және үй-жайларына техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Жылу электр станцияларының  электр қуатын шектеуді келісу қағидаларын және бұл шектеулерді қысқарту бойнша іс-шараларды әзірлейді және бекітеді;

• Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергиясының орталықтандырылған сацда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр қондырғылардың техникалық жай-күйін және пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін басшылықтың, өндірісті, электр және жылу энергиясын жеткізуді жүзеге  асыратын ұйым мамандарының техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін білікті тексеру өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Сараптау ұйымдарын және әзірлеуші зауыттарды жұмылдырып, электр станциялары, электрлік және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттар мен үй-жайлардың, сонымен қатар тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйін мерзімдік тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Жүйелік операторды белгілейді;

• Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртаңбасының және пломбысының үлгісін белгілейді; 

• Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде отынның пайдалану қорының нормаларын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Өз құрызетінің шеңберінде электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу және тұтыну, сонымен қатар электр қуатының дайындығын ұстап тұру және электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

• Электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сонымен қатар оларды белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

• Энергия өндіруші, энергия жеткізуші ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне электр және жылу энергиясы шығындарының нормаларын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

• Жабдықты жобалау, салу, пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамасы салаларында нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді; 

• Энергия өндіруші ұйымдардың Электр энергетикасы туралы заңның 13-бабы 3-2-тармағы 3) тармақшасында қарастырылған талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

• орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторын белгілейді; 

• мемлекеттік техникалық инспекторлардың аткілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

• Қазақстан Республикасының территориясында Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесімен электр байланысы жоқ аймақтар үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығының жұмыс істеу және ұйымдастыру ерекшеліктерін белгілейді;

• Мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртаңба және пломбалау тетігін беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптау ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

• Инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге техникалық тапсырманы әзірлейді және бекітеді;

•Электр қуаттарын орналастырудың перспективті схемасын әзірлейді және бекітеді;

• Жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;

• Жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға өткізілген тендер қорытындылары бойынша берілген тендердің жеңімпазымен шарт жасайды;

• Жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға өткізілген тендер нәтижелері бойынша жеңімпазды анықтайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт жасайды;

• Электр энергиясы мен қуатының болжалды теңгерімдерін бекітеді;

• Энергия өндіруші, энергия жеткізуші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

• Электр энергиясының шектік тарифтерін бекітеді;

• Электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерге шектік тарифтерді бекітеді;

• Электр энергиясын сатушы энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;

• Электр энергиясына шектік тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шектік тарифті және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке шектік тарифті бекіту тәртібін белгілейді;

• Жүйелік оператордың Электр энергетикасы туралы Заңның 15-2-бабы 2-тармағында қарастырылған талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

• Өзінің интернет-ресурсында энергия өндіруші ұйымдардың  электр энергиясын сату және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді көрсету тәртібін бұзуы туралы ақпаратты және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат орналастырады;

• Электр энергиясына шектік тарифтерді бекіту кезінде есепке алынатын тіркелген пайданы анықтау, сонымен қатар теңгерімделетін электр энергиясына шектік тарифті бекіту кезінде есепке алынатын теңгерімдеу үшін тіркелген пайданы анықтау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

• Нарық кеңесін белгілейді, сонымен қатар нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке жеке тарифтерді, Электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтің көлемдерін және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы бірыңғай сатып алушының жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғыларды салуға өткізілген тендерлердің жеңімпаздарымен жасайтын шарттары үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;

• Әрекет етуші энергия өндіруші ұйымдармен жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасайды;

• Электр энергиясы мен қуатының болжалды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды  әзірлейді және бекітеді;

• Бірыңғай сатып алушыны белгілейді;

• теңгерімдейтін электр энергиясына шектік тарифтерді бекітеді;

• генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке жеке тарифтерді, Электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтің көлемдерін және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы бірыңғай сатып алушының уәкілетті органмен жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасаған әрекет етуші энергия өндіруші ұйымдармен шарт жасауы үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;

• электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы бірыңғай сатып алушының құрамына жылуэлектрорталықтары кіретін әрекет етуші энергия өндіруші ұйымдармен жасайтын шарттары үшін электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызмет көлемін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• бірыңғай сатып алушының  электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызмет бағасын есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Бекітілген Қағидаларға сәйкес Тізілім құрады және оны жүргізеді;

• Тізілімді құру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжалды тапшылықты өтеу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Энергия өндіруші ұйымдар мен Тізілімге енгізілген тұтынушылар пайдалануға енгізетін генерациялаушы қондырғыларға арналған отынды орналастыру орнын (алаңын), типін және түрін келіседі;

• Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде облыстар, республикалық маңызы бар калалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;

• Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;

• Тұтынушыларды электр станцияларының тізіліміне енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр станцияларының тізілімін бекітеді;

• Осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқада заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде қаралған басқа да уәкілеттікті жүзеге асырады. 

Электр энергетикасы саласындағы бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті жүзеге асырады. 

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:

• электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарының сақталуын;

• электр станцияларының энергетикалық жабдықтарының, электр желілерінің, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;

• электр энергиясын өндіру, жеткізу, жабдықтау және тұтыну сенімділігін және қауіпсіздігін;

• электр энергетикасы салсындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасының қағидаларын білуін тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларында жұмыс істеуіне жол бермеу және босатуды қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады.

Энергетикалық бақылау:

• электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарттардың талаптарының сақталуы;

• өз құзыретінің шеңберінде электр энергетикасы саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сақталуы;

• электр және жылу энергиясын тиімді және үнемді пайдалану, өндіру режимдерін оңтайландыру, жеткізу, тұтыну;

• электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығы бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган:

• электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілері мен жабдықтарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;

• негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылысқа, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiкке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген, электр станцияларының, электр желiлерiнің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;

• қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және жаңартып отырады;

• Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдарды қарауды жүзеге асырады;

• Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;

• табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөнінде қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпаратты жібереді.

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) электр және энергия қондырғыларына кедергісіз қол жеткізуге;

2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыруға;

3) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргiзу, энергетикалық ұйымдарды кешендi тексерулер және электр станциялары, электр желiлерi энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезiнде сарапшыларды тартуға;

4) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартуға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда (с.і. электр энергетикасы саласында) басшылық ететін мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті болып табылады. 

Нарық субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу, бәсекелістікті қорғау және дамыту, сонымен қатар белгілі бір тауар нарығында үстем нарық субъектілерінің (с.і. электр энергиясының нарығында) қызмет көрсету саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында бақылау-қадағалау функцияларын Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасында электр энергетикасы саласында әрекет ететін заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілер:

• «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы;   

• «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы;   

• «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 04.07.2009ж. заңы;

• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 740 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары;

• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 300 қаулысымен бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары;

• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 Қаулысымен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидалары;

• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 932 Қаулысымен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидалары;

• Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары;

• Басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер.

Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын басқарудың қолданыстағы моделін жетілдіру  және  мемлекеттік активтерді тиімді басқару мақсатында Президенттің Жарлығымен 2008 жылғы қазанда «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ мен «Қазына»  мемлекеттік тұрақты даму қорын біріктіру жолымен  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылды.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – энергетика, телекоммуникацияны, көлік салаларын және даму институттарын қоса алғанда, экономиканың түрлі саласындағы ұлттық компанияларға иелік ететін және оларды басқаратын   мемлекеттік холдинг компаниясы.   

Сала үрдістерінің шолуы (теңгерімдер)

Жүктеменің жылдық максимумы

2020 жылдың жылдық максималды жүктемесі 7 желтоқсанда сағат 19-да тіркелді және 15761 МВт құрады. 2019 жылмен салыстырғанда (26 қараша, 19 сағат) ең жоғары жүктеме 579 МВт-қа немесе 3,8%-ға артты.

Республика бойынша генерация 15461 МВт құрады, бұл 2019 жылғы ұқсас көрсеткіштен 580 МВт-қа немесе 3,9%-ға жоғары.

Бұл ретте сыртқы сальдоланған қуат ағыны 300 МВт құрады. Оның ішінде Ресейден 614 МВт қабылданды, Орталық Азияға 314 МВт берілді.

Электр энергиясын өндіру

2020 жылғы есепті кезеңде Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру 108085,8 млн. кВтсағ. құрады, оның ішінде:

жылу электр станциялары                         86662,6 млн. кВтсағ

гидроэлектр станциялары                               9545,8 млн. кВтсағ.

газ турбиналы электр станциялары          9527,7 млн. кВтсағ.

КЭС, ЖЭС және БГҚ                               2349,7 млн. кВтсағ

Электр энергиясын өндіру 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2056,0 млн.кВтсағ немесе 1,9% - ға ұлғайды.

Бұл ретте өндірудің ұлғаюы келесі ірі электр станцияларында орын алды:

Екібастұз МАЭС-1                                        1164,9 млн. кВтсағ немесе 6,4% - ға%;

«ЕЭК» АҚ                                                      247,4 млн. кВтсағ немесе 1,8% - ға%;

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2     200,4 млн. кВтсағ немесе 9,7% - ға%;

«Павлодарэнерго» АҚ ЖЭО-3                     141,0 млн. кВтсағ немесе 4,8% - ға%;

«АлЭС Алматы ЖЭО-1» АҚ                        121,1 млн. кВтсағ немесе 35,6%-ға;

«3-Энергоорталық»АҚ (Шым.ЖЭО-3)  85,4 млн. кВтсағ немесе 12,4 млн. кВтсағ.%-ға;

«АлЭС Алматы ЖЭО-3»АҚ                            77,5 млн. кВтсағ немесе 7,3% - ға%;

Балқаш. «Kazakhmys Energy» ЖШС ЖЭО      50,5 млн. кВтсағ немесе 4,7% - ға%;

Екібастұз Станциясы. ГРЭС-2                         45,7 млн. кВтсағ немесе 0,9% - ға%;

«Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО-1               5,6 млн.кВтсағ немесе 0,3% - ға.

Электр энергиясын өндіруді азайтты: 

Жезқаз. «Kazakhmys Energy» ЖШС ЖЭО

    163,7 млн. кВтсағ немесе 9,9%-ға;

«СевКазЭнергоПетропавловск» АҚ

    141,5 млн. кВтсағ немесе 4,1%-ға;

«Қазхром» ТҰК ЭС АФЗ»

    130,9 млн. кВтсағ немесе 15,8%-ға;

«АлЭС Алматы ЖЭО-АҚ

    117,8 млн. кВтсағ немесе 4,3%-ға;

«Жамбыл ГРЭС» АҚ

    69,7 млн. кВтсағ немесе 3,7%-ға;

«Топар» ГРЭС-і ЖШС

   62,9 млн. кВтсағ немесе 1,3%-ға.

«Жамбыл ГРЭС» АҚ жылдың басынан бастап екі блокты режимде жұмыс істеді, 28 наурыздан бастап 1 блок жұмыс істеуде. 11 тамыздан бастап станция екі блокты режимде, 20 желтоқсаннан 2021 жылғы 01 қаңтарға дейін станция үш блокты режимде жұмыс істеді.

Қазақстан ГЭС-інде электр энергиясын өндіру 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 439,1 млн.кВтсағатқа (4,4%) азайды. Станциялардың жұмыс режимі су шаруашылығы теңгерімі және гидрологиялық жағдаймен анықталды.

ЖЭС-те электр энергиясын өндіру 707,6 млн.кВтсағ-қа (0,8%) артты. ГТЭС-те электр энергиясын өндіру 552,1 млн.кВтсағ-қа (6,2%) және ЖЭК (КЭС, ЖЭС, БГҚ) 1235,4 млн. кВтсағ-қа екі еседен артық ұлғайды.

2020 жылмен салыстырғанда Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру құрылымы

 

2019 ж., %

(есептік кезең)

2020 ж., %

(есептік кезең)

Барлығы

100,0

100,0

с.і.   ЖЭС

81,1

80,2

          ГЭС

9,4

8,8

          ГТЭС

8,5

8,8

КЭС, ЖЭС жәнеБГҚ

1,0

2,2

 Электр энергиясын тұтыну

2020 жылдың есептік кезеңінде Қазақстанның электр энергиясын тұтынуы 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2151,7 млн.кВтсағ-қа (2,0%) артты және 107344,8 млн. кВтсағ-ты құрады. Электр энергиясын тұтынудың ұлғаюы Солтүстік аймақта 1468,6 млн.кВтсағ. (2,1%), Қазақстанның оңтүстік аймағында 606,7 млн. кВтсағ. (2,7%) болды. Батыс аймақтың электр энергиясын тұтынуы 76,4 млн.кВтсағ-қа (0,6%) артты.

Тұтынуы артты:

 

Қазхром ТҰК «Ақсу ФЗ»

- 114,7 млн. кВтсағ немесе 2,0% ға%;

«Қазхром ТҰК» АҚ

- 66,3 млн. кВтсағ немесе 2,1% - ға%;

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС(ЖЦМ, БЦМ)"

- 39,4 млн. кВтсағ немесе 3,2% - ға%;

«KazakhmysSmelting» ЖШС

- 33,2 млн. кВтсағ немесе 2,8% - ға%;

«Қаз. электролиз зауыты» АҚ

- 19,0 млн. кВтсағ немесе 0,5% - ға%;

«Арселор МитталТеміртау» АҚ

- 24,9 млн. кВтсағ немесе 0,7% - ға%;

«Қазфосфат» ЖШС

- 9,1 млн. кВтсағ немесе 0,4% - ға%;

«Қазақстан алюминийі» АҚ

- 2,3 млн. кВтсағ немесе 0,2%-ға.

2019 жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтынуы азайды:

«ӨТМК» АҚ

- 228,5 млн. кВтсағ немесе 26,2%-ға%;

«Соколов-Сарыбай ТӨБ» АҚ

- 100,9 млн. кВтсағ немесе 5,5% - ға%;

«АМӨЗ» ЖШС

- 3,8 млн. кВтсағ немесе 0,5% - ға%;

«Қазцинк» ЖШС

- 1,8 млн.кВтсағ немесе 0,1%-ға.

2020 жылдың есептік кезеңінде 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын тұтынудың ең жоғары өсімі Павлодар облысы бойынша 1204,4 млн.кВтсағ. (6,2%), Қарағанды облысы бойынша - 470,3 млн. кВтсағ. (2,6%), Жамбыл облысы бойынша – 475,6 млн. кВтсағ. (10,6%).

Қазақстан аймақтары бойынша электр энергиясын тұтыну құрылымы мынадай:

- Қазақстан

107344,8 млн.кВт.сағ немесе 100,0%

- Солтүстік аймақ

70522,2 млн.кВт.сағ немесе 65,7%

- Оңтүстік аймақ

23287,4 млн.кВт.сағ немесе 21,7%

- Батыс аймақ

13535,2 млн.кВт.сағ немесе 12,6%

Электр энергиясының ағындары

Есептік кезеңде Ресейден электр энергиясының сальдо-ағыны – 123,1 млн. кВтсағатты (2019ж. Ресейге 125,7 млн.кВтсағ) құрады. Бұл ретте Ресейге электр энергиясының экспорты 1117,5 млн.кВтсағ-ты (2019 жылы – 1281,4 млн.кВтсағ.) құрады. Ресейден электр энергиясының импорты - 1240,6 млн.кВтсағ. (2019ж. – 1407,1 млн.кВтсағ) құрады. Экспорт пен импорт Ресей Федерациясынан теңгерімдеуші электр энергиясының көлемін ескере отырып берілген.

Орталық Азияға сальдо-ағын – 864,1 млн. кВтсағ. Бұл ретте ОА-ға экспорт 1179,0 млн.кВтсағ. (2019 жылы-1253,0 млн. кВтсағ.), ОА-дан электр энергиясының импорты 314,9 млн. кВтсағ. (2019 жылы-290,6 млн. кВтсағ.) құрады.