2012 жылғы 16 қазандағы №40/12 хаттамадан үзінді көшірме

Қазақ

«Самұрық-Қазына» «ҰӘҚ» АҚ Басқармасының 2012 жылғы 16 қазандағы (сырттай) отырысында қабылдаған №40/12 шешіміне сай, «Самұрық-Қазына» АҚ Компанияларының даму стратегияларын әзірлеу, мониторингілеу және жаңғырту жөніндегі қоса тіркелген  әдістемелік ұсынымдарды бекітуге тапсырма берілді; «Самұрық-Қазына» АҚ-ның  Директорлар кеңесі/байқау кеңестері өкілдеріне Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жаңғыртылған/әзірленген Компаниялардың стратегияларын Компаниялардың Директорлар кеңестері/байқау кеңестерінің қарауына шығаруды қамтамасыз етуге тапсырма берілді. «KEGOC»  АҚ Компания стратегиясының жаңғыртылған нұсқасы 2013ж. қаңтар-наурыз мерзімінде ұсынылсын.

Басқарушы директор – Басқарма мүшесі Рахметов Н.К., Стратегиялық даму департаментінің директоры Мами Э.К. Әдістемелік ұсынымдармен өзара байланысты қамтамсыз ету мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2011 жылғы 19 шілдедегі шешімімен (№33/11 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарының даму жоспарларын әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, орындау мен орындалуын мониторингілеу қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәселені пысықтасын.    

2012 жылғы 20 қарашада «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Басқармасының сырттай отырысы болып өтті (№ 48/12 хаттама), онда мынадай шешімдер қабылданды:

1. Қоса беріліп отырған «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар  бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ  Басқарма төрағасы (Б.Т. Қажиев) қоса беріліп отырған «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларға қол қойсын және осы шешімнен шығатын өзге де шараларды  қолдансын.

3. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес, осы шешім «KEGOC» АҚ  Жалғыз  акционерінің шешімі болып саналсын.