ҚАЖИЕВ БАҚЫТЖАН ТӨЛЕУҚАЖЫҰЛЫ

Қазақ

 

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы

Туған күні: 16.07.1964 ж., Қазақстан Республикасының азаматы

Білімі: 

• 1986ж. Алматы энергетикалық институтын «Электр желілері мен жүйелері» мамандығы бойынша аяқтады; 

• 2007ж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады;

• 2018ж. «Алматы Менеджмент Университет» БМ аяқтады, «Іскери әкімшілік ету докторы» дәрежесі бар.

 «KEGOC» АҚ акцияларын иеленбеген.

 

Еңбек қызметі:

1986-1988жж. - «Казэлектросетьстрой» тресінде Покровский ҚМБ электр монтаждаушы

1989-1993жж. – электр жеткізу желілерін салу бойынша мастер, өндірісті дайындау тобының бастығы, «Казэлектрострой» тресінің Покровский ҚМБ бас инженері

1993-2000жж. - «Аманат» АҚ бас инженері

«KEGOC» АҚ:

2000-2003жж. – пайдалануды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, ЭЖЖ пайдалану бөлімінің бастығы, Пайдалану департаменті директорының орынбасары 

2003-2004жж. - Пайдалану департаментінің директоры

2004-2007жж. - «Орталық ЖЭТ» филиалының директоры

2007-2008жж. – Күрделі құрылыс департаментінің директоры 

2008-2009жж. - Атқарушы директор

2009-2011жж. - Вице-президент

31 мамыр 2011ж. – Басқарма төрағасы

Марапаттары мен атақтары: 

• «KEGOC» ААҚ Құрмет грамотасы (2001ж.);

• ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасы (2003ж.);

• «ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің» Құрмет грамотасы (2004ж., 2009ж., 2016ж.);

• Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлау өткізу кезінде кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс хаты (2005ж.);

• «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» естелік белгісі (2005ж.);

• «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағы (2006ж.); 

• Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының Құрмет грамотасы (2009ж.);

• «Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы (2009ж.);

• «Құрмет» Қазақстан Республикасы ордені (2010ж.);

• ЕҚЫҰ Саммитін Астана қаласында өткізуді ұйымдастыруға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты (2010ж.)

• «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011ж.)

• «Қазақстан Республикасындағы инженерлік ісін дамытудағы қызметі үшін» төсбелгісі (2011ж.);

• «KAZENERGY медалі (2012ж.);

• «Теңгеге 20 жыл» мерейтойлық медалі (2013ж.);

• «Парасат» Қазақстан Республикасы ордені (2015 ж.);

• «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016ж.);

• «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі (2016ж.);

• Алматы энергетика және байланыс университетінің Құрметті профессоры (2018ж.).