Электронды құжатайналым жүйесінің әлеуетті жеткізушілеріне

Қазақ

         Осы құжат арқылы «KEGOC» АҚ, Сіздерге «Самұрық-Қазына» АҚ бекіткен Сатып алудың санатты стартегиясына сәйкес «IT Бағдарламалық жасақтама» санаты бойынша біздің компанияның электрондық құжатайналым  жүйесі (бұдан әрі – «КЕGОС» АҚ ЭҚЖ) бағдарламалық жасақтаманың әлеуетті жеткізушілерін алдын ала білікті іріктеу іс-шараларына кіріскендігін хабарлайды.

 Іріктеу екі кезеңде жүргізіледі – біліктілік талаптарына сәйкестікке тексеру және демо-стендтерді бағалау. 

         Бірінші кезеңде түсіп жатқан өтінімдерді әлеуетті жеткізушілерге  және оның мамандарына «КЕGОС» АҚ Басқарма төрағасының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 289з  бұйрығымен (осы хаттың 1-қосымшасы) бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алудың санатты стартегиясын іске асыру шеңберіндегі электрондық құжатайналым  жүйесінің әлеуетті жеткізушілерін алдын ала білікті іріктеуді жүргізу тәртібінің» (бұдан әрі - АБІ тәртібі) талаптарына сай «IT Бағдарламалық жасақтама» санаты бойынша қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікке бағалау жүзеге асырылады. 

Екінші кезеңде –демо-стендтерді және бағдарламалық өнімдерді бекітілген Электрондық құжатайналым  жүйесінің демо-стендтерін және бағдарламалық өнімдерін бағалау әдістемесіне сәйкес бағалауды жүргізу.

Демо-стендтерді бағалау тек іріктеудің бірінші кезеңінен өтетін жеткізушілер үшін өткізіледі, бағалауды жүргізу мерзімдері алдағы уақытта нақтыланады. 

        «КЕGОС» АҚ үшін бірыңғай вендор таңдау бойынша алдағы бәсекелестік келіссөздерге рұқсат алдын ала біліктілік іріктеудің екі кезеңі бойынша ең көп балл алған «КЕGОС» АҚ 5 (бес) ЭҚЖ әлеуетті жеткізушісіне беріледі.

Сұратылып отырған ақпаратты алдын ала біліктілік іріктеуге қатысу үшін өтінім берудің соңғы күні - 2020 жылғы 14 тамыздағы сағат 12-00-ге дейін жіберуіңізді өтінемін..

Өтінім барлық қажетті ақпаратты қоса бере отырып, Комиссия хатшысының мына электрондық мекенжайын жіберілсін: shivanova@kegoc.kz.

Барлық мүдделі мәселелер бойынша мына электрондық мекенжайларға өтініш білдіру қажет: kezekeneva@kegoc.kz, aksanov@kegoc.kz., телефон № 8701-111-3678, 8701-111-7306.

 

ЭҚЖ жүйелік функцияларына қойылатын техникалық талаптар

Жұмыстарды орындауға техникалық сипаттізім 

2-қосымша ССВ есептеу шаблоны

АБІ өткізу тәртібі