«KEGOC» АҚ 5 млн. теңге мөлшерінде авторлық сыйақы төледі

Қазақ

Компания тарихында алғаш рет осындай сыйақы мөлшерін «Шығыс ЖЭТ» филиалының қызметкерлері Алексей Запольский, Анатолий Иванов және Ерлан Тастанбеков алды. Олардың «Л-2034 немесе Л-2044 ажыратылған кезде ОГ-2 командасын қалыптастыру» рационализаторлық ұсынысын өндіріске енгізу «KEGOC» АҚ-ға 51 млн. теңгеден астам мөлшерде экономикалық нәтиже алуға мүмкіндік берді.

Рационализаторлық ұсыныстың авторлары Шығыс өңірдің энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, соның ішінде, Ертіс ГЭС-інің каскадында көктемгі су тасқыны салдарынан туындайтын электр қуатының профициті пайда болған кезде апатқа қарсы басқару автоматикасының техникалық құрылғыларын әзірлеген.

«KEGOC» АҚ ғылыми-техникалық кеңесі «Л-2034 немесе Л-2044 ажыратылған кезде ОГ-2 командасын қалыптастыру» рационализаторлық ұсынысы үшін 5 000 000 теңге мөлшерінде материалдық сыйақы төлеуге бірауыздан шешім қабылдады.