2020 жылғы 18 қыркүйекте «KEGOC» АҚ үшін Эмитент күні өтеді

Қазақ

2020 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстандық қор биржасы (KASE) «Эмитент күнін» өткізетіндігін хабарлаймыз, шара шеңберінде компанияның 2020 жылғы бірінші жартыжылдық қызметінің қорытындысына арналған «KEGOC» АҚ басшылығының инвесторлармен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен онлайн кездесуі өтеді.

Шараның басталуы – алматылық уақытпен сағат 11:00.

Кездесу барысында «KEGOC» АҚ Басқармасының мүшесі, Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор Ботабеков Айбек Төлеубекұлы шара қатысушыларын компанияның 2020 жылғы есептік кезеңдегі қызметінің қорытындыларымен таныстырады.

Барлық мүдделі тұлғалар өз сұрақтарын мына events@kase.kz электрондық поштасына алдын ала жібере алады 

Сонымен қатар, аталған шараға қатысу үшін events@kase.kz мекенжайына қатысушы туралы мәліметтерді (аты-жөні, лауазымы және электрондық пошта мекенжайы көрсетілген) жіберу қажет.