KASE алаңында «KEGOC» АҚ Эмитент күнін өткізді

Қазақ

2020 жылғы 18 қыркүйекте  «KEGOC» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен (KASE) бірге бейнеконференция форматында «Эмитент күнін» өткізді. 

Бұл іс-шара аясында «KEGOC» АҚ Басқарма мүшесі, Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор Айбек Төлеубекұлы Ботабеков  Компанияның 2020 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қызметінің қорытындылары туралы баяндады. 

Бейнеконференция барысында қатысушылар пандемия кезіндегі қаржылық жағдайға және пандемияның Компанияға әсеріне, есептік кезеңде күтілетін дивидендтерге қатысты, сонымен қатар KEGOC-тың алдағы жоспары мен күтілетін жаңа инвестициялық жобалар бойынша сұрақтар қойды.  

Сонымен бірге кездесуге қатысушыларды Компанияның тұрақтылығы мен оның кредиттік рейтингтері мәселелері де қызықтырды. 

Бейнеконференцияның қорытынды бөлігінде «KEGOC» АҚ басшылығы қойылған сұрақтардың барлығына жауап берді. 

2019 жылғы 1-ші жарты жылдық қорытындысы