Ақпараттық хабарлама

Қазақ

2020 жылғы 20 қарашада астана уақыты бойынша сағат 16.47-де Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ-тық бірқатар желілері автоматика салдарынан ажыратылды. Еліміздің алты оңтүстік облысын қамтитын Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) оңтүстік аймағы бойынша шектеу көлемі – 871,9 МВт құрады. 

«KEGOC» АҚ Ұлттық диспетчерлік орталығы (ҰДО) филиалының жедел мәліметі бойынша бұл Өзбек энергия жүйесі тұтынушыларының шектен асуының нәтижесінде орын алып отыр.

«KEGOC» АҚ қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында апат өте қысқа мерзімде, 15 минуттан кем уақыт аралығында жойылды, сағат 17.02-де Қазақстан БЭЖ-нің Оңтүстік аймағы мен Орталық Азияның Біріккен энергия жүйесі БЭЖ-мен үйлестірілді.

17.10-да апатқа қарсы автоматика салдарынан ажыратылған барлық тұтынушылар қайта қосылды.