«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2021 жылғы 23 ақпанда өткізілетіні туралы хабарлама

Қазақ

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) (атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы шешіміне (№ 1 хаттама) сәйкес «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы)  шақырылатыны туралы хабарлайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.

Акционерлердің жалпы жиналысы Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша акт залында 2021 жылғы 23 ақпанда 11 сағат 30 минутта өткізіледі. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2021 жылғы 23 ақпанда 9 сағат 30 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.  

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2021 жылғы 24 ақпанда 11 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қайтадан өткізіледі. Акционерлердің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2021 жылғы 24 ақпанда 9 сағат 30 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.  

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімін жасайтын күн – 2021 жылғы 12 ақпан. 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға «KEGOC» АҚ-ның өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын иелігінен айырған болса, онда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл жағдайда жаңа акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс. 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысының мынадай күн тәртібін алдын ала қалыптастырды:

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының өкілеттік мерзімін белгілеу туралы.

Акционерлер Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2021 жылғы 9 ақпаннан бастап жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан бастап 17 сағат 00 минутқа дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша 901, 917-қызметтік бөлмелерде, сонымен қатар «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» - «Ақпаратты ашу» - «Жалпы жиналыстар» - «2021» бөлімінде таныса алады.   

Өткізу тәртібі: 

- Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар тұлға Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін осы хабарламада көрсетілген тәртіпте ресми тіркеуден өтуі тиіс;

- тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтаған кезде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ; 

- Акционерлердің жалпы жиналысына тіркелу және қатысу үшін жеке тұлға болып табылатын акционердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс;

- жеке тұлға болып табылатын акционерлердің өкілдері белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Заңды тұлға болып табылатын акционерлердің өкілдері  акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатты және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Өкіл сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуы және оның көшірмесін тіркеушіге тапсыруы тиіс;

- Акционерлердің жалпы жиналысына заңды тұлға болып табылатын акционерлердің атынан олардың жеке-дара атқарушы органдары қатысатын болса, онда олар лауазымға сайлануы немесе тағайындалуы туралы құжаттарды, сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті; 

- Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлға үшін Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді;

- күндізгі тәртіпте өткізілетін Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен басқасы белгіленбеген болса, акционерлер болып табылмайтын басқа тұлғалар Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының отырысына шақырусыз қатыса алмайды;

- Акционерлердiң жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу аяқталған сәтте жинақтап алғанда «KEGOC» АҚ дауыс беруші акцияларының елу және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер және/немесе олардың өкілдері тіркелген болса, Акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысы күн тәртібінің мәселелерін қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы. 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі бойынша басқа да мәселелер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңында, «KEGOC» АҚ Жарғысы мен «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережеде белгіленген.  

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-52-баптарына сәйкес өткізіледі.

Материалдар бойынша, сонымен қатар Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу бойынша сұрақтарға жұмыс уақытында +7 (7172) 690 298, 690 297 телефондарына хабарласу арқылы немесе Imyatov@kegoc.kz электрондық мекенжайына сауал жолдау арқылы жауап алуға болады.