«KEGOC» АҚ мен «Forte bank» АҚ арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған кредиттік желі ашу туралы келісім

Қазақ

«KEGOC» АҚ жасалуында тараптардың мүдделілігі бар «KEGOC» АҚ мен «Forte bank» АҚ арасында 2021-2022 жылдарға арналған кредиттік желі ашу туралы келісім жасалғаны туралы хабарлайды.

Мәлімет үшін.

«KEGOC» АҚ мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу»  инвестициялық жобасын іске асыру бойынша 2005 жылғы 22 қарашадағы № 4805-KZ Кредиттік келісімге (бұдан әрі – Кредиттік келісім) мемлекеттік кепілдікпен қол қойылды.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), «KEGOC» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арасында 2005 жылғы 18 қарашада мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету үшін № 7 МБР 035э Мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды. Келісімнің 4.15-тармағына сәйкес Қарыз алушы болып табылатын «KEGOC» АҚ жыл сайын Кепілдікпен өтелетін кезеңнің алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін Министрлікке кепілдік беруге міндетті. Келісімнің 1.5- тармағына сәйкес Кепілдік - бұл Қарыз алушы кредиттік келісім бойынша тиесілі соманы төлемеген жағдайда мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі кепілгер Банктің Министрлік алдындағы міндеттемесі, ал Келісімнің 1.6-тармағына сәйкес кепілгер Банк – Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банкі немесе кепілдік беретін шетелдік банк.

«KEGOC» АҚ мен «Forte bank» АҚ арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған кредиттік желі ашу туралы келісім