«1150 кВ Екібастұз ҚС – 500 кВ Семей ҚС» 500 кВ ӘЖ-ін салуға арналған жер телімін кешенді экологиялық тексеру материалдары бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасы жөніндегі қоғамдық тыңдаулар туралы баспасөз хабарламасы

Қазақ

31.03.2015

«1150 кВ Екібастұз ҚС – 500 кВ Семей ҚС» 500 кВ ӘЖ-ін салуға арналған жер телімін кешенді экологиялық тексеру материалдары бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасы жөніндегі қоғамдық тыңдаулар туралы баспасөз хабарламасы

«KEGOC» АҚ Павлодар облысындағы Май ауданының Көктөбе кентінде «1150 кВ Екібастұз ҚС – 500 кВ Семей ҚС» 500 кВ ӘЖ-ін салуға арналған жер телімін кешенді экологиялық тексеру материалдары бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасы бойынша  (ҚОӘБ) қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Қоғамдық тыңдауларға БАҚ, ҮЕҰ, Павлодар облысының әкімдігінің, Май ауданының  жер қатынастары және инспекция бөлімінің және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің өкілдері, РҚ Ұлттық ядролық орталығы өкілі мен барлық мүдделі тұлғалар қатысты.   «KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері жобалардың таныстырылымын өткізді.

Осы жоба бойынша тыңдау  Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жоғарыда көрсетілген ҚОӘБ материалдары бойынша  өткізілді.

Әкімшілік тұрғысынан ӘЖ трассасын салу Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының шегінде белгіленген.

ӘЖ трассасының бұрынғы Семей ядролық сынау полигоны (СЯСП) аумағы арқылы ішінара өтуіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұзындығы 53,133 км жер теліміне жер бөліп беру қажеттілігіне байланысты «KEGOC» АҚ «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК-мен бірлесе отырып, көрсетілген жер теліміне кешенді экологиялық тексеру жүргізген болатын. Кешенді экологиялық тексеру барысының нәтижелері табиғи ортаның: судың, топырақтың, майлы жабындылардың, атмосфералық ауаның радиациялық қауіптілігі жоқ екендігін, техногендік радионуклидтердің қоспасы құрылыс-монтаждау және пайдаланушы ұйымдардың еңбеккерлері үшін ұйғарынды шектен аспайтынын көрсетті.

Байланыс ақпараты

Тәуелсіздік даңғылы, 59, Алматы р., Астана қ.,

Қазақстан Республикасы, 010010

Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
Факс: +7 (7172) 690-455
e-mail: kegoc@kegoc.kz

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,38 ГВА болатын 77 қосалқы электр станциясы бар. Компанияда ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында – www.kegoc.kz орналастырылған.