2010 жылдың алдын ала жасалған қызмет қорытындылары

Қазақ

12.01.2011

2010 жылдың алдын ала жасалған қызмет қорытындылары

Қазақстан электр энергетикасы саласының негізгі көрсеткіштері

2010 жылы Қазақстан Республикасында электр қуатын өндіру 82,3 млрд. кВт·с  (2009 жылғы деңгейден  4,9%-ға жоғары), ал тұтыну 83,8 млрд. кВт·с құрады  (2009 жылға қарағанда 7,4%-ға өскен).

Қаржылық көрсеткіштер  

Компанияның қаржылық нәтижелеріне Қазақстан БЭЖ-нде электр энергиясын өндіру-тұтыну көлемінің ұлғаю үдерісі қолайлы ықпал етті, бұл жайт еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсара бастағанын көрсетті. 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызмет түсімінің жалпы сомасы 26%-ға немесе 13 млрд-қа өсті. 2010 жылдың алдын ала жасалған қортындысы бойынша Компанияның шоғырланған табысы 50 млрд. теңге, жиынтық табысы – 5,8 млрд. теңге деңгейінде болады деп күтілуде, белгіленген жоспар - 3,6 млрд. теңге (осыдан бір жыл бұрынғы шығын сомасы  4 млрд. 459 млн.  теңге болған).

Операциялық көрсеткіштер

2010 жылы Компания барлық негізгі өндірістік көрсеткіштер бойынша жоспарды артығымен орындады. Техникалық диспетчерлеу және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 6 және 7%-ға өсті. Электр энергиясын жеткізу көлемі Ресей Федерациясының транзитін қосқанда 2009 жылдың деңгейіне қарағанда 14,5 %-ға өсіп, 34,7 млрд. кВт.с құрады. Еңбек өнімділігі 13,6%-ға ұлғайды (бір адамға шаққанда 7,1-ден 9,7 млн. теңгеге көбейді).

ҰЭТ жұмысының сенімділігі де едәуір артты. Апат жағдайындағы ажыратулар саны 11%-ға азайды. Мақсатты көрсеткіштердің жақсаруы «Солтүстік-Оңтүстік» транзиті екінші желісінің іске қосылуы арқасында мүмкін болды, бұл жайт тұтынушыларға жеткізілетін электр қуатын шектеуді 25%-ға (2009 жылы 1054,4 мың кВт.с болса, 2010 жылы 752,5 мың кВт.с) төмендетті. 

Сатып алулардың қазақстандық үлесі

Компания сатып алынатын жұмыстардың, тауарлар мен қызметтердің қазақстандық құрамын ұлғайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Сатып алулар көлемі екі есеге ұлғайған кезде (2009 жылы 22,6 млрд. теңге болса, 2010 жылы 45,8 млрд.) қазақстандық құрамдастық көлемі 60,5%-ды (ақшалай мөлшерде 27,7 млрд. теңгені құрады).

Компанияның стратегиялық дамуы

2010 жылы Компанияда «2025 жылға дейінгі кезеңге арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясы» (Қор мақұлдаған) қабылданды. Бұл құжат Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына сәйкес әзірленіп, Компания менеджментінің болашақ даму бағыттарын айқындау мақсатына, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасының Үдетілген индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына негізделген болатын.

   «2025 жылға дейінгі кезеңге арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясын» (бұдан әрі – Стратегия) табысты жүзеге асыру мақсатында Компания іске асырылуы тиіс шаралардың кешенді жоспарын әзірледі, жоспар аясында Стратегияны орындау барысын көрсететін ӨҚК жиынтығы анықталды.

Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның жаңа талаптарына сәйкес компанияның Директорлар кеңесі 2010 жылғы желтоқсанда «KEGOC» АҚ-ның 2011-2015 жылдарға арналған Даму жоспарын бекітті.

Қазақстан ҰЭТ-н дамыту жобаларының жүзеге асырылуы

«Ұлттық электр торабын жаңғырту. І-ші кезеңі», Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан транзитінің 500 кВ-тық екінші электр жеткізу желісінің құрылысы инвестициялық жобалары аяқталды. Сондай-ақ Алматы өңірін электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында Үдетілген индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына енгізілген жобаларды - «Мойнақ ГЭС-і қуатын беру сызбанұсқасы» және «Қазақстан ҰЭТ-на 500, 220 кВ кернеу желісімен қосылатын 500/200 кВ-тық Алма ҚС құрылысы», ҰЭТ-ты жаңғыртудың 2 кезеңін жүзеге асыру қолға алынды.

Жалғыз акционердің және ҚР Үкіметінің қолдау көрсетуімен аталған жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржыландыру көздері де табылды. 25 желтоқсанда ХҚД банкімен мемлекет кепілдігі арқылы «Қазақстан ҰЭТ-на 500, 220 кВ кернеу желісімен қосылатын 500/200 кВ-тық Алма ҚС құрылысы» жобасын жүзеге асыруға 78 млн АҚШ доллары сомасында кредиттік келісімге қол қойылды.

«ҰЭТ жаңғырту, ІІ-ші кезең» жобасы (55 қосалқы станцияда электр жабдықтарын ауыстыру және 220 кВ-тық ӘЖ құрылысы) бойынша ЕҚДБ-дан 255 млн евро сомасында тартылған қарыз шарттарына сәйкес мердігерлерді іріктеуге байланысты тендерлік рәсімдер жүргізіліп, KEC International (2 топтама бойынша) үнді компаниясымен және  KEPCO Консорциумымен, Hyundai Engineering Co. және Hyundai Corporation (Корей Республикасы) компанияларымен контракт жасалды.

  «Мойнақ ГЭС-і қуатын беру сызбанұсқасы» жобасы бойынша 2011 жылы 1-ші кезеңде Мойнақ ГЭС-і 220 кВ-тық АТҚ нысанының құрылысын аяқтау және іске қосу, Мойнақ ГЭС-і 220кВ-тық АТҚ нысанын кеңейту, 220/110/10 кВ Шелек ҚС 220кВ-тық АТҚ нысанын, 220/110/10 кВ Робот ҚС 220кВ-тық АТҚ нысанын кеңейту жоспарланып отыр. 

ІІ-ші кезең аясында 220 кВ-тық Мойнақ ГЭС-і –220 кВ -тық Шелек ҚС (ұзындығы 97,45 км) электр жеткізу желісінің құрылысын «кілтке тапсыруға» шарт жасап, пайдалануға беру және  220 кВ-тық  Мойнақ ГЭС-і – 220 кВ-тық Робот ҚС (ұзындығы 227,457 км) электр жеткізу желісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының бір бөлігін орындау жоспарланып отыр.

«220 кВ-тық ЦГПП-Осакаровка ӘЖ жаңғырту» жобасы бойынша 2011 жылы республикалық бюджеттен 600 млн. теңге мөлшерінде қаражат алып, ЦГПП нысанындағы трансформаторлық қуатты жаңғыртуға жұмсау және жетпеген қаржыландыру сомасын қарызға алу жоспарланып отыр.

Халықаралық ынтымақтастық

«Ресей мен Қазақстан энергия жүйелерінің параллель жұмысын қамтамасыз ету шаралары туралы» үкіметаралық Келісімге сәйкес «KEGOC» АҚ мен «ФСК» ААҚ, «СО ЕЭС» ААҚ, «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ арасында бірқатар құжаттық топтамаларға қол қойылды. 2010 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енген келісімшарттар екі елдегі энергия жүйелерінің Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістік құру жағдайындағы параллель жұмысын ұйымдастыру мен жүзеге асыруды реттейді.  Қазіргі уақытта осы екі мемлекеттің Жүйелік операторлары мен электр энергиясы нарығындағы жекелеген субъектілер арасында толыққанды және өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға қажетті өзге де келісімдер мен регламенттер әзірлену үстінде. Жасалған келісімшарттарға сәйкес 4 млрд. теңге мөлшерінде пайда түсіру көзделіп отыр.

 2010-2011 жылғы күзгі-қысқы маусымнан өту мәселелері бойынша компания жанынан жедел штаб құрылды, оның құрамында БАҚ өкілдерімен өзара байланыс жасайтын ақпарттық топ жұмыс істейді. ҚР БЭЖ жұмысы туралы толық та шынайы ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда журналистер Астанадағы төмендегідей байланыс телефондарына хабарласа алады:

970-101 Басқарма Төрағасының орынбасары Бақытжан Қажиев

970-350 Ұлттық диспетчерлік орталық директоры Серік Нұғыманов

970-415 Жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Марат Мұхамедсалиев