2016 жылғы бірінші жарты жылдық бойынша «KEGOC» АҚ дивидендтер төлегені туралы

Қазақ

«KEGOC» АҚ 2016 жылғы 18 қарашада «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша (KZ1C34930012) 2016 жылғы бірінші жартыжылдыққа дивидендтер төлегені туралы хабарлайды.     

1. 2016 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қызмет қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді 2016 жылғы 28 қазанда «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдады (№ 5 хаттама).

2. Дивидендтер төленетін кезең - 2016 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығы.

3. Бір жай акция үшін дивидендтер мөлшері – 24,93 (жиырма төрт теңге тоқсан үш тиын) теңге. 

4. Дивидендтер түрінде «KEGOC» АҚ акционерлеріне төленуі тиіс құралдардың жалпы сомасы – 6 481 800 000 (алты миллиард төрт жүз сексен бір миллион сегіз жүз мың) теңге.

5. Дивидендтер түрінде «KEGOC» АҚ акционерлеріне төленген құралдардың жалпы сомасы – 6 481 765 347,30 (алты миллиард төрт жүз сексен бір миллион жеті жүз алпыс бес мың үш жүз қырық жеті теңге отыз тиын) теңге.   

6. «KEGOC» АҚ-ның 2016 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлерінің тізімі 2016 жылғы 13 қарашадағы жай-күй бойынша тіркелді.

7. «KEGOC» АҚ-ның 2016 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлер тізімін тіркеу кезіне «KEGOC» АҚ-ның қайта сатып алған 1 390 жай акциясы болды. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 22 бабы 4-ші тармағына сәйкес дивидендтер қоғаммен қайта сатып алынған акциялар бойынша төленбейді.