2019 жылғы 5 қыркүйек «KEGOC» АҚ үшін «Эмитент күні»

Қазақ

2019 жылғы 5 қыркүйек сағат 11:00-де «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да (KASE) «KEGOC» АҚ үшін «Эмитент күні» өткізілетінін хабарлаймыз. Бұл іс-шара барысында «KEGOC» АҚ-ның басшылығы акционерлермен және компания акционерлерінің мүдделерін білдіретін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен кездеспек. Кездесуде компанияның 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы операциялық және қаржылық қызметінің нәтижелері талқыланады.      

Өткізілетін орны: Алматы қ., Байзақов көш., 280 мекенжайында орналасқан "Almaty Towers" КФК солтүстік мұнарасындағы KASE конференц-зал, 1-қабат.

«KEGOC» АҚ акционерлерін, БАҚ өкілдерін, сарапшыларды, қор нарығының кәсіби қатысушылары мен инвестициалық қауымдастық өкілдерін іс-шараға қатысуға шақырамыз. 

Қатысу мәселесі бойынша «KEGOC» АҚ Инвесторлармен байланыс жөніндегі департаментіне мына телефондар арқылы хабралысуларыңызды сұраймыз: тел. + 7 (7172) 690 297, 690 298, электронды мекенжайы Imyatov@kegoc.kz.