500 кВ «Ағадыр – Жезқазған» ӘЖ-ны іске қосу туралы

Қазақ

04.07.2011

500 кВ «Ағадыр – Жезқазған» ӘЖ-ны іске қосу туралы

500 кВ  «Ағадыр – Жезқазған» ӘЖ-ны  қысқа мерзімде ойдағыдай қосу  трассаның апатты учаскесінде  жөндеу-қалпына келтіру  жұмыстарын жүргізумен  аяқталды.

       500 кВ  «Ағадыр – Жезқазған» ӘЖ-ны  Астана күнін мерекелеу алдында іске  қосу Қазақстан БЭЖ-інде  электрмен жабдықтау сенімділігін күшейтуге мүмкіндік туғызатын болады.

       Апаттың зардаптарын жою  жоспарланған уақыттан 6 күн бұрын “KEGOC” АҚ  Орталық, Шығыс, Ақмола, Солтүстік және  Алматы ЖЭТ  филиалдары  желі бригадаларының  күштерімен  жүзеге асырылды.

       Бұдан бұрын хабарлағандай, 14 ЭЖЖ темір бетон тіректерінің құлап түсуі   25 маусымда   Қарағанды облысындағы  қолайсыз ауа райының салдарынан (желдің нормативтен тыс  қатты жылдамдықпен соғуы және  нөсер жауын-шашынның болуы) болған еді.