АҚ саясаты мен АҚБЖ әрекеті саласының жобасы Орнықты даму және БМЖ жөніндегі үйлестіру кеңесінде қаралды

Қазақ

2018 жылғы 22 қаңтарда Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлының төрағалығымен Орнықты даму және БМЖ жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Компанияның басқарушы директорлары, «Энергоинформ» АҚ Басқарма төрағасы, сонымен қатар Корпоративтік даму департаменті мен Бизнесті трансформациялау орталығының өкілдері қатысты. KEG04 «АҚ нысанылық моделін ендіру» жобасының жетекшісі- Қауіпсіздік қызметінің басшысы Жақупбаев А.Р. отырысқа қатысушылардың қарауына «KEGOC» АҚ Ақпараттық қауіпсіздік саясатының және Ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің әрекеті саласының жобасын жаңа редакцияда ұсынды (АҚБЖ).Ақпараттық қауіпсіздік саясатының мақсаты болып «KEGOC» АҚ-ның, оның контрагенттерінің мүдделерін жан-жақты,  сонымен қатар қызметкерлерді ақпараттық технологиялардағы қауіптерден қорғауды қамтамасыз ету табылады.Жобаның демеушісі Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор Сафуани Т.Е. компания басшылығыныңақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаттары мен қағидаттарына бейінділігінің көрсеткіштері туралы ақпарат берді. Саясат жобасы электр желілік кешендері объектілерін заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып басқару кезінде кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы БЭЖ-інің орнықты қызмет атқаруы үшін жағдайлар жасау бойынша міндеттерді іске асыру кезіндегі «KEGOC» АҚ құзыретін нақтылау бөлігінде түзетулерді ескере отырып мақұлданды.  Аталған мәселе бұдан әрі «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының бекітуіне шығарылады.