АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақ

22.10.2015

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«KEGOC» акционерлік қоғамы  «Энергоинформ» АҚ-тың «КазЭнергоПровод» ЖШС жарғылық капиталындағы 49,9 % қатысу үлесін (бұдан әрі – Актив)  сауда-саттықтың ағылшын әдісімен сату бойынша Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz өтетін электрондық аукцион туралы хабарлайды.

Активтерді сату  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беруші акцияларының елу және одан көп пайызы (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамына меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтерін және объектілерін сатудың бірыңғай ережесіне (бұдан әрі  – Бірыңғай ереже) және Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттық жүргізу регламентіне (бұдан әрі – Регламент) сәйкес жүзеге асырылады.

Өтінімдерді ұсыну және қабылдау мерзімі веб-порталда сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен басталады. 

Актив туралы ақпарат

Р/с

Актив атауы

Меншік

Қызмет түрі

Орналасқан жері

Бастапқы баға,

теңге

Кепілді жарна, теңге

Аукцион қадамы

Сауда-саттық өткізу күні

1

«КазЭнергоПровод» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 49,9 % қатысу үлесі

«Энергоинформ» АҚ

АС маркалы жоғары талшықты сым өндірісі және оны сату

071411, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Рысқұлов көшесі, 4-б үй

161 510 720 (жүз алпыс бір миллион бес жүз он мың жеті жүз жиырма) теңге

24 226 608 (жиырма төрт миллион екі жүз жиырма алты мың алты жүз сегіз) теңге

Актив құнынан 5%

24.11.2015 ж.

 

          Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында  хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталуға екі сағат қалғанда аяқталады.

         Кепілді жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-тың шотына салынады: БИН: 050540004455, БИК: KZKOKZKX, ИИК: KZ529261501102032004, АО «Казкоммерцбанк».

  Төлемнің белгіленуі: электрондық аукционға қатысу үшін кепілді жарна (банктік қызмет төлемі кепілді жарна мөлшеріне енбейді).

            Кепілді жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-тың шотына уақтылы түсуі үшін кепілді жарнаны өтінім қабылдау аяқталғанға дейінгі үш күннен кешіктірмей төлеу ұсынылады.

Банк кепілдігі кепілді жарна ретінде қабылданбайды.

Сауда-саттыққа қатысушыларға кепілді жарнаның кез келген санын енгізуге рұқсат етіледі, бұл ретте  кепілді жарна қатысушы енгізген осы кепілді жарна бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін тек сол объектіні сатып алу құқығын береді.

Сатылған объекті бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған аукцион өткізген күні тізілім веб-порталында сатушы мен жеңімпаз ЭСҚ-ны пайдалану арқылы қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттама аукцион нәтижелерін белгілейтін құжат және сатушы мен жеңімпаздың тізілім веб-порталына шығарылғансату бағасы бойынша объектіні сатып алу-сатудың үлгілік шарт жобасына қол қою міндеттемесі болып табылады.

Жеңімпазбен жасалатын сатып алу-сату шартына тізілім веб-порталында сауда-саттық қорытындысы шыққан күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Электрондық аукцион жүргізу тәртібі, сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу тәртібі туралы, жеңімпазды айқындау шарттарын «Самұрық-Қазына» АҚ-тың, «Самұрық-Қазына» ЖШС-нің және «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-тың сайттарында көпшілікке қолжетімді Бірыңғай ереже мен Регламенттен алып танысуға болады (осында сіздер құжаттардың тізбесімен таныса аласыз).

Электрондық аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ активтер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты (оның ішінде деректемелері, өндірістік-экономикалық ерекшеліктері мен сипаттамасы, сондай-ақ актив бойынша электрондық деректер қорына қолжетімді болудың тәсілі, актив бойынша құжаттар пакетін және сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінім нысанын алу тәсілі) жоғарыда көрсетілген сайттан www.gosreestr.kz қарауға немесе мына телефондар бойынша 8 (7172) 30-98-24, ішкі 211 («АЕО» АҚ) және 8 (7172) 69-35-56 (Тойбаев А.К., «Энергоинформ» АҚ) алуға болады.

 

 



..