Алматы қ. ТМД Электроэнергетикалық кеңесінің 48-ші отырысы өтті

Қазақ

23.10.2015

Алматы қ. ТМД Электроэнергетикалық кеңесінің 48-ші отырысы өтті

2015 жылдың 23-ші қазанында Алматыда Кеңеске қатысушы – мемлекеттердің салалық ұйымдарының, мемлекеттік профильді ведомстволарының басшылары және электр энергетикалық компанияларының өкілдері қатысқан ТМД Электроэнергетикалық кеңесінің (ЭЭК) 48-ші отырысы болып өтті. 

Ресми шараларына «KEGOC» АҚ атынан Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев және Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Бақытхан Жазықбаев қатысты.

Отырысқа қатысушылар Достастық мемлекеттері энергожүйелерінің 2015-2016 ж. күз-қыс мезгілінің жұмыстарына дайындық барысы жөнінде, ТМД мүше-мемлекеттерінің ортақ электр энергетикалық нарығын құрудың жинақталған жоспар-кестесін орындау барысы жөнінде, электр энергетикасы саласындағы ТМД мүше-мемлекеттерінің өзара іс-қимыл және ынтымақтастық стратегиясын (негізгі бағыттар) іске асыру барысы және өзге де мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдап, туындаған сұрақтарды қарастырды. 

Отырыс барысында ТМД Электроэнергетикалық кеңесінің Президенті мен Вице-президенті таңдалды. 

АНЫҚТАМА:

ТМД Электроэнергетикалық кеңесі және оның атқарушы органы – 1992 жылы 14 ақпанда Достастық мемлекеттері үкіметінің басшылары қол қойған, Тәуелсіз Мемлекеттері Достастығы электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастардың үйлесімдігі туралы Келісімге сәйкес құрылған Атқарушы комитет.   



http://kegoc.kz/en/press-center/press-releases/the-48th-meeting-of-the-cis-electric-power-council-was-held-in-almaty/">..