Алматы қаласының тұрғындары үшін «KEGOC» АҚ таныстырылымын өткізу туралы баспасөз хабарламасы

Қазақ

07.11.2014

Алматы қаласының тұрғындары үшін «KEGOC» АҚ таныстырылымын өткізу туралы баспасөз хабарламасы

2014 жылғы 7 қарашада Алматыда «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ ынталы инвесторлар үшін «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде акцияларды сату мәселелері бойынша KEGOC таныстырылымын өткізді.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Үкіметінің, «Самұрық-Қазына» АҚ, ұлттық компаниялар мен Қазақстан қор биржасының өкілдері қатысты.  

Шара барысында «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Б.Т. Қажиев «Инвесторлар үшін мүмкіндік, тұтынушылар үшін сенімділік» тақырыбында таныстырым сөзін сөйледі.

KEGOC басшысы компанияның мықты тұстарын атап өтті: KEGOC еліміздің ең ірі электрожүйелік компаниясы және Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады, компания активтердің ауқымды базасын басқарады және ірі ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында жинақталған табысты тәжирибесі бар.

Ең бастысы, компания ұлттық экономиканың негізгі инфрақұрылымдық элементтерінің бірі ретінде мемлекеттің қолдауына ие.

Сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне қарамастан компания өзінің қаржылық тұрақтылығын сақтап келеді. KEGOC компаниясының қаржылық жағдайы халықаралық рейтинг агенттіктері тарапынан оң бағаланып отыр: Moody’s: Baa3, прогноз «тұрақты»; Standard&Poor’s: BB+, «тұрақты» болжам; FitchRatings: BBB+, «тұрақты» болжам. 

Ынталы инвесторлар үшін Компанияның дивидендтік саясаты тиісті қаржылық кезеңге, жылдың немесе жарты жылдың қорытындысына сай таза табыстың кем дегенде  40%-ын төлеуді көздейтіні маңызды болып табылады. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі «KEGOC» АҚ ІРО-ның негізгі параметрлеріне қатысты шешім қабылдағаны белгілі. Аталған құжатқа сәйкес Қазақстанның қор биржасына (KASE) 10% минус бір акция көлеміндегі топтама немесе біреуінің бағасы 505 теңге болатын 25 999 999 акция орналастырылатын болады.

Акцияларды сатып алуға өтінім бір ай бойы, 2014 жылғы 5 қарашадан 3 желтоқсанға дейін қабылданады. Ал 19 желтоқсаннан бастап акциялар KASE жүйесінде еркін айналымға шығатын болады.

IPO барысында негізгі басымдық жеке инвесторларға – Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. Өтінімдерге шектеу қойылмайды. Бөлшек инвесторлардың 14 000 (он төрт мың) дана акция мөлшеріндегі өтінімдері толық қанағаттандырылады деп күтілуде, тек сұраныстың ұсыныстан асып кетпеуі ғана ескеріледі (25 999 999).

Шара барысында қатысушылар сондай-ақ ҚР облыстарында акцияларды сатып алу ережелерімен танысты.

KEGOC АҚ Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында роуд-шоу өткізуді жоспарлап отыр.

Роуд-шоу өткізу кестесі  www.halyk-ipo.kzwww.kegoc.kz сайттарында жарияланған, қажетті ақпараттар жөнінде 8-800-070-15-70 телефонына хабарласа аласыз (қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін).Компания туралы ақпарат 

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,38 ГВА болатын  77 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық  ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында – www.kegoc.kz  орналастырылған.

Баспасөз үшін байланыс

Алмагүл Жакеева

тел.: +7 (7172) 69-04-68

pressa@kegoc.kz

 



..