Алматы торабын энергиямен жабдықтау қалпына келтірілді.

Қазақ

24.09.2012

Алматы торабын энергиямен жабдықтау қалпына келтірілді.

2012 жылғы 24  қыркүйекте сағат 14:44-те 220 Кв Алматы ҚС шиналарының 1-ші жүйесінде жоспарлы жұмыстар жүргізу кезінде 220 кВ Алматы ҚС 2-ші шиналар жүйесі қорғаныстың іске қосылуы нәтижесінде авариялық ажыратылды. Соның негізінде Алматы энергия торабындағы үлкен тапшылық (500 МВт дейін) тұтынушылардың ажыратылуына және өңірдің электр станцияларындағы генерацияның елеулі шығынына әкеліп соқтырды. Сағат 14:57-де жүйелік оператор 220 кВ Алматы ҚС шиналарының 1-ші жүйесін іске қосты, кернеу берілді, электр станцияларында жүктеме жинауға және тұтынушыларды қосуға бұйрық берілді. Сағат 15:30-да барлық электр станциялары жоспарлы жүктеме жинап, сағат 15:50-де негізгі тұтынушылар қосылды.