Астана 2014ж. 3 сәуір, «KEGOC» АҚ – Қазақстанның үздік жұмыс беруші ұлттық компаниясы

Қазақ

03.04.2014

Астана 2014ж. 3 сәуір, «KEGOC» АҚ – Қазақстанның үздік жұмыс беруші ұлттық компаниясы

«KEGOC» АҚ  Республикалық «Сенiм–2014» конкурсының «Үздік жұмыс беруші ұлттық  компания» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Бүгін IX халықаралық «Адами ресурстарды басқару: HR-дың өзгерістерді басқарудағы рөлі» конференциясы шеңберінде болған лауреаттарды марапаттау салтанатты рәсімінің барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Елена Бахмутова жеңімпаздың естелік жүлдесі мен   дипломын  «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Жаңабай Бексарыға тапсырды.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, үздік жұмыс берушілерді айқындау кезінде компаниялардың кадр саясатындағы, әлеуметтік-еңбек қатынастары мен қызметкерлердің кәсіби дамуындағы жетістіктері және жұмыс тиімділігі ескерілді.

Жаңабай Бексары оқиғаға түсінік бере келе, «KEGOC» АҚ-н үздік жұмыс беруші компания ретінде бағалау тиімді әлеуметтік саясаттың, еңбек жағдайларын жақсарту және қызметкерлердің қанағаттарын арттыру жөніндегі күш-жігердің нәтижесі болып табылатынын атап көрсетті.

2013 жылы  «Сенім-2012» конкурсының қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ  «Үздік жұмыс беруші ұлттық  компания» және «Үздік HR-жоба» номинацияларында 2-ші дәрежелі дипломдармен марапатталған болатын.

Компания туралы ақпарат

«KEGOC» АҚ Қазақстан  біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) жүйелік операторы функцияларын атқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына кіреді. Компанияның теңгерімінде Қазақстанның ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың шақырым электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 35,9 ГВА 76 электрлік қосалқы  станциясы бар. Компанияда  4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Егжей-тегжейлі ақпарат  www.kegoc.kz сайтында.

Баспасөз үшін байланыстар

Алмагүл Жакеева
тел.: +7(7172) 690 468
pressa@kegoc.kz



..