Астана, 8 қараша, 2013 ж. 2013 жылғы ІІІ тоқсандағы “KEGOC” АҚ қызметінің

Қазақ

22.11.2013

Астана, 8 қараша, 2013 ж. 2013 жылғы ІІІ тоқсандағы “KEGOC” АҚ қызметінің

Операциялық көрсеткіштер (2012 ж. осы кезеңімен салыстырғанда):

- электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көлемі – 30,7 млрд. кВтс құрады, өткен жылғы деңгейден 1,5% төмен (31,1 млрд. кВтс).

- техникалық диспетчерлеу бойынша қызмет көлемі – 61,3 млрд. кВтс, 2012 ж. көрсеткіштен 1,0% (60,7 млрд. кВтс) жоғары.

- электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызмет көлемі – 111,4 млрд. кВтс-қа (113,1млрд. кВтс) жетті.

Қаржылық көрсеткіштер

2013 жылдың 9 ай көлеміндегі қорытындысы бойынша компанияның жалпы табысы 54 миллиард теңгені құрады, өткен жылғы деңгейден 6,2% жоғары.

Осы жылдың 9 ай көлеміндегі қорытындысы бойынша таза табыс 3,5 миллиард теңгеге жетті, өткен жылға қарағанда 22% немесе 980 млн. теңгеге төмен.

Табыстардың төмендеуі ірі өндірістік тұтынушыларға, ЭЖҰ, сонымен бірге Ресей электроэнергиясы транзитіне көрсетілетін қызмет көлемінің және негізгі қызметтен түсетін табыстың азаюымен байланысты.

Негізгі қызметтерден түсетін табыс бойынша нақты көрсеткіштер жоспарлы мазмұннан 6,5% немесе 3,4 млрд. теңгеге төмен болып шықты. Аталған жағдайды есепке алсақ, 2013 жылдың қорытындысы бойынша 83 млрд. теңге көлемінде табыс алу мүмкіндігі бар. 2013 жылғы таза табыс көлемі 4,7 млрд. теңге деңгейінде болады деп болжануда.

Инвестициялық бағдарламаның орындалуы

2013 жылы қаржы салымдарын 42 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр, яғни өткен жылдағыдан (24,6 млрд.теңге) 75% дейін көбейту.

Бұл көрсеткіш ҰЭТ жаңғырту, ІІ кезең, Кернеуі 500, 220 кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-на жалғанатын «Алма» ҚС-ны салу, 220 кВ ОБТҚ-Осакаров ӘЖ-ны қайта жаңарту секілді ҮИИД МБ енгізілген инвестициялық жобаларымыздың жұмысын қарқынды жүргізумен байланысты болып отыр.

Компания өз қаражатын стратегиялық инвестициялық қызметпен қатар электр желілері мен қосалқы станциялардың жабдықтарын тиісті техникалық қалыпта ұстауға бағытталған.

ҰЭТ жұмысының сенімділік көрсеткіштері

 

SAIDI*

SAIFI**

2011

6,28

0,016

2012

2,89

0,06

2013 ж. ІІІ тоқсаны бойынша

0,35

0,03

SAIFI (System Average Interruption Frequency Index) — жүйеде болған зақымданулардың орташа жиілігі

**SAIDI (System Average Interruption Duration Index) — ажыратулардың орташа ұзақтығы.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері

 

2012

2012

ІІІ-тоқсан

2013

ІІІ-тоқсан

2013

жоспар

Борыш/EBITDA (5 аспайды)

4,6

4,3

5,1

4,3

Таза борыш /EBITDA

(4,0 аспайды)

2,4

2,7

2,4

2,8

Пайыздарды жабу

5,9

6,4

5,9

6,0

Қаржылық левередж коэффициенті

63,9

63,3

65,3

65,3

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (кемінде 1)

2,0

2,1

1,7

1,6

Баспасөз өкілдері үшін байланыс

Марат Мұхамедсалиев, Алмагүл Жакеева, Ақмарал Баязитова
тел.: +7(7172) 69-04-15 690 468, 690-161, факс 690 438 
pressa@kegoc.kz

Компания туралы ақпарат

«KEGOC» АҚ Қазақстан біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына кіреді. Компания еншісінде Қазақстанның ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 110-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың шақырым электр жеткізу желілері және трансформаторларының қондырмалы қуаты 35,5 ГВА болатын 76 электрлік қосалқы станциясы бар. Компанияда 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Толық ақпарат www.kegoc.kz сайтында.