Астанада «KEGOC» АҚ Орталық кеңсесінде ТМД Электр энергетикалық кеңесінің (ТМД ЭЭК) 53-ші отырысы өтті

Қазақ

2018 жылғы 2 қарашада Астана қаласындағы «KEGOC» АҚ орталық кеңсесінде ТМД Электр энергетикалық кеңесінің (ТМД ЭЭК) 53-ші отырысы өтті. 

Жиынның жұмысына Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Өзбекстан елдері электр энергетикасын басқару мемлекеттік органдары мен электр энергетикалық компанияларының делегациялары, сонымен бірге ТМД Атқарушы комитетінің, Еуразия экономикалық комиссиясының, «Энергия» БДО өкілдері қатысты.

ТМД Электр энергетикалық кеңесінің президенті, Ресей Федерациясының Энергетика министрі Александр Новак кіріспе сөз сөйлеп, отырыс жұмысын ашты. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаев отырыс қатысушыларына табысты жұмыс тіледі.    

Отырыс қатысушылары ТМД электр энергетикалық жүйесіндегі мемлекетаралық ынтымақтақтастықтың ең өзекті мәселелерін талқыға салды. Атап айтқанда, ТМД елдерінен келген делегация басшыларының 2018-2019 жж. күз-қыс мезгілінің жұмыстарына ынтымақтас мемлекеттердің энергожүйелерінің дайындық барысы жөнінде ақпараттары тыңдалды, ТМД елдері мен Балтия энергожүйелері ортақ жұмыстарының жедел-технологиялық үйлестіру жөніндегі комиссиясының бірқатар құжаттары талқыланды.   

Жиынның қорытындысы нәтижесінде электр энергетикасы саласындағы ТМД мүше-мемлекеттерінің өзара іс-қимыл және ынтымақтастық стратегиясына (негізгі бағыттары) өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды және бекітілді, 2019 жылға арналған ТМД Электр энергетикалық кеңесінің жұмыс жоспары және ТМД ЭЭК жұмыс топтарының қызметтерін, персоналдарды дайындау мәселелерін реттейтін өзге де құжаттар қабылданды. Бұдан бөлек, ТМД электр энергетикалық жүйесінің бірқатар өкілдеріне «ТМД еңбегі сіңірген энергетигі» құрметті атағын беру туралы  шешім қабылданды.

Анықтама: 

ТМД Электр энергетикалық кеңесі 1992 жылы 14 ақпанда ТМД электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастардың үйлесімдігі туралы Келісімге сәйкес құрылған. 

ТМД ЭЭК басты мақсаты ТМД мүше-мемлекеттерінің электр энергетикалық жүйесі қауымдастығының тиімді қызметі негізінде Достастық мүше-мемлекеттерінің экономикасы мен тұрғындарын тұрақты және сенімді электрмен қамтамасыз етуге бағытталған энергетика саласындағы Достастық мүше-мемлекеттерінің ортақ және үйлестірілген қызметін жүргізу болып табылады.