Балқаш ЖЭС өндіруші қондырғыларының электр қуатын әзірлікте ұстап тұру жөніндегі ұзақ мерзімді шартқа қол қою туралы баспасөз хабарламасы

Қазақ

19.06.2014

Балқаш ЖЭС өндіруші қондырғыларының электр қуатын әзірлікте ұстап тұру жөніндегі ұзақ мерзімді шартқа қол қою туралы баспасөз хабарламасы

Астана                                                                                                                                                      2014 жыл 19 маусым

Бүгін Ақордада Корея Республикасы Президентінің іссапары аясында, екі мемлекеттің Басшылары - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің қатысуымен Балқаш ЖЭС өндіруші қондырғыларының электр қуатын әзірлікте ұстап тұру жөніндегі ұзақ мерзімді шартқа қол қою рәсімі өтті. Ұзақ мерзімді шартқа қол қою Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы 2011 жылғы 25 тамыздағы Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландырылу, жобалау, салу, пайдалану және техникалық қызмет көрсетуге қатысты Келісімнен туындап отыр.

Ұзақ мерзімді шартқа «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Қажиев пен «Балқаш ЖЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Сук Вон Ким қол қойды.

Аталған шартқа қазақстандық («Самұрық-Энерго» АҚ) және корея («KEPCO», «Samsung C&T Corporation») тарапының бірлесе жүзеге асырып отырған жобасы - Алматы облысындағы қуаты 1320 МВт Балқаш ЖЭС құрылысы шеңберінде қол қойылып отыр.

Балқаш ЖЭС құрылысы Қазақстандағы энергия тапшылығын көріп отырған Оңтүстік өңірдің экономикасы мен тұрғындарының электр энергиясына деген сұранысын қанағаттандыру үшін аса қажет, сонымен қатар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға өз  ықпалын тигізбек.

Аталған жобаны жүзеге асырудың маңыздылығы мен қажеттілігі Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында белгіленген болатын.

Қазақстан Республикасы БЭЖ-нің жүйелік операторы және Ұлттық электр торабының операторы саналатын  KEGOC компаниясының аталған жобаға тікелей қатысы бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Балқаш ЖЭС өндіруші қондырғыларының электр қуатын әзірлікте ұстап тұру қызметтерін кепілдікті түрде сатып алу «KEGOC» АҚ-ға тапсырылды. Сонымен қатар, Компанияға Балқаш ЖЭС қуатын жеткізуге қажетті желілік инфрақұрылымды қамтамасыз ету міндеті жүктеліп отыр.

Компания туралы ақпарат

«KEGOC» АҚ Қазақстан  біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) жүйелік операторы функцияларын атқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына кіреді. Компанияның теңгерімінде Қазақстанның ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың шақырым электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 35,9 ГВА 76 электрлік қосалқы  станциясы бар. Компанияда  4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Егжей-тегжейлі ақпарат  www.kegoc.kz сайтында.

Баспасөз үшін байланыстар

Алмагүл Жакеева
тел.: +7(7172) 690 468
pressa@kegoc.kz



..