БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақ

26.08.2013

Баспасөз хабарламасы

Республикалық «Мектепке жол акциясы шеңберінде KEGOC қызметкерлері Астана қ.-да аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына сыйлықтар тапсырды 

 «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» акционерлік қоғамының астаналық ұжымы жетім балаларды, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды жаңа оқу жылына даярлауға  материалдық көмек көрсету жөніндегі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты.

Акция барысында Астана қ. Атқарушы дирекциясындағы барлық құрылымдық бөлімшелердің және «ЖО ҰДО», Ақмола ЖЭТ филиалының қызметкерлері, сондай-ақ Компания топ-менеджменті аз қамтылған және көп балалы 14 отбасындағы 35 балаға жалпы сомасы 1 189 000 теңгеге мектептің керек-жарағы, киім-кешек, кеңсе тауарларын сатып алуға қолдау көрсетті.

Өткен сыйлықтарды тапсыру салтанатында Астана қ.  Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы бөлімінің өкілі Лариса Темірлина  «КЕGОС» АҚ ұжымына аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған республикалық «Мектепке жол» акциясына белсене  қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Астана қаласындағы «KEGOC» АҚ еңбеккерлері өткен 2012 жылы да 40 балаға жалпы сомасы 762 862 теңгеге мектептің керек-жарағы, киім-кешек, кеңсе тауарларын сатып алуға көмек қолдарын созған болатын.  

_ADV0128.jpg

photo2.jpg 

photo3.jpg

Баспасөз үшін байланыс

Марат Мұхамедсалиев, Алмагүл Жакеева
тел.: +7(7172) 69-04-15      690 468,  факс 690 438 
pressa@kegoc.kz

 Компания туралы ақпарат

«KEGOC» АҚ Қазақстан  біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функцияларын атқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына кіреді. Компания балансында Қазақстанның ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың шақырым болатын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 35,5 ГВА 76 электрлік қосалқы  станциясы бар. Компанияда 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Толық ақпарат  www.kegoc.kz  сайтында.