Баспасөз парағы

Қазақ

19.04.2013

Баспасөз парағы

«KEGOC» АҚ-ның 2013 жылғы тоқсандағы қызметінің қорытындылары туралы 

Қазақстандық электр қуаты саласының негізгі көрсеткіштері

Астана, 17 сәуір, 2013ж. «KEGOC» АҚ, Қазақстанның бірыңғай электр қуаты жүйесінің (БЭЖ) жүйелі операторы 2013 жылғы І тоқсандағы адын-ала аудиттелмеген қаржылық нәтижелерін және операциялық нәтижелерін жариялайды.

2013 жылғы 1-тоқсанда алдын-ала мәліметтерге сәйкес компания кірісі 14,2%-ға артып, 22 миллиард теңгеге жетті, бұл 2012 ж. 1-тоқсанға қарағанда 2,73 млрд. теңгеге көп. “KEGOC” АҚ-ның аталған кезеңдегі табысы 3,8  млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 69% -ға жоғары.

 «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев нәтижелерге түсініктеме беріп өтті:

«Біз қол жеткізген қаржылық және операциялық көрсеткіштерге қуаныштымыз. Бұл көрсеткіштер «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысу үшін  KEGOC-тың ахуалы жақсы екенінің белгісі. KEGOC Қазақстанның ҰЭТ дамытуға ұзақ мерзімді инвестициялар бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ел экономикасының қажетіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекет алдын қойған міндеттерді табысы орындап отыр».

Электр қуатын тарату бойынша қызметтер көлемін ұлғайту, сонымен қатар, 2012ж. қазан айынан бастап Жүйелі оператор ұсынған қызметтерге жаңа тарифтер бекіту табыс деңгейіне оң әсерін тигізді.

2013 жылғы 1-тоқсанда «KEGOC» АҚ-ның электр қуатын тарату жөніндегі қызметтерінің көлемі 6,5%-ға 11,84 млрд.кВт·сағ дейін өсті, бұл Қазақстанның ҰЭТ бойынша «БЭЖ ФЖК» ААҚ транзитінің жалпы көлемінің ұлғаюымен, сонымен қатар, Ресей Федерациясына электр қуатының экспортының артуымен байланысты болып отыр.

Техникалық диспетчерлеу бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі 22,74 млрд. кВт сағ құрады, бұл 2012 ж. осы мерзімімен салыстырғанда 2,9%-ға кем. Электр қуатын өндіру-тұтынуды баланстауды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі 4,5%-ға 41,54 млрд.кВт·сағ (43,98 млрд.кВт·сағ) дейін төмендеді. Электр қуатын өндіру-тұтыну көлемдерінің азаюы негізгі факторға айналды.

Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығының (ҰДО) мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылғы 1-тоқсанда Қазақстанның БЭЖ электр қуатын тұтыну 24,64 млрд. кВт/сағ; өндіру – 25,26 млрд. кВт/сағ құрады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, электр қуатын тұтыну 4,8%-ға, өндіру 2,5%-ға төмендеді. Электр қуатының экспорты 45%-ға 780 млн. кВт/сағ дейін өсті, импорт 68%-ға 170 млн. кВт/сағ дейін төмендеді.

Баспасөзге арналған байланыс телефоны



KEGOC

Марат Мұхамедсалиев
тел.: +7 (7172) 69-04-15

pressa@kegoc.kz

 Компания туралы ақпарат

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр қуаты жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы қызметін атқарады. Қызметінің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компания балансында Қазақстанның ұлттық электр қуаты торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ болатын ұзындығы 24,5 мың км электр қуатын тарату желісі мен қуаттылығы 35,5 ГВА трансформаторлар орнатылған 76 қосалқы станция бар. Компанияда 4,6 мың адам жұмыс істейді. Толық ақпарат www.kegoc.kz сайтында.

 «KEGOC» АҚ бұл Қазақстанның электр қуатын тарату жөніндегі жетекші компаниясы

·        Мемлекет компанияны жүйелі оператор және бірыңғай электр желісінің иесі деп таныды, сондай-ақ оны пайдаланудың эксклюзивті құқығына ие.

·        2012 жылы Компания 43,5 миллиард кВт сағ электр қуатын таратты, бұл компания табысының жалпы деңгейінің 65% құрайды.

 Корпоративтік басқарудың халықаралық деңгейі

·        Директорлар кеңесінің құрамына 3 тәуелсіз директор кіреді.

·        Ұйымдастырушылық құрылымды жақсарту және қызметінің мөлдірлігі мен тиімділігін арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

·        Саланы білетін топ-менеджерлердің тәжірибелі командасы және біліктілігі жоғары персонал.  

·        Басқарма төрағасы маманнан компания жетекшісіне дейін көтерілген.

·        Персонал ішіндегі қанағаттанушылық деңгейі жоғары, қызметкерлердің өсуіне ықпал ететін бағдарламалардың («Кадрлық резерв», «Тәлімгер») болуы.

·        Қызметтің экологиялық стандарттарға және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нормаларға сәйкес болуы компанияның басымдығы болып табылады.

 Компанияның тұрақты қызметі халықаралық рейтингтік агенттіктермен қуатталады.

·  2012 жылы негізгі қызметтен түсетін табыс 10,6 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 14,6% артық.

·   Барлық жетекші әлемдік рейтингтік агенттіктер «тұрақты» болжам жасауда.

§  Moody's: Baa3, болжам «тұрақты»

§  Standard & Poor's: BB+, болжам «тұрақты»

§  Fitch Ratings: BBB, болжам «тұрақты»