Брифинг туралы баспасөз хабарламасы

Қазақ

03.04.2015

Брифинг туралы баспасөз хабарламасы

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Б.Т. Қажиевтың қатысуымен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты шеңберінде электр энергетикасы саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру» тақырыбында брифинг өтті.

Қазіргі уақытта ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда еліміздің инфрақұрылымдық даму жоспары негіз болып табылатын «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты жүзеге асып жатқаны белгілі. Аталған бағдарламалық құжатта Мемлекет басшысы энергетиктер үшін «Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алма» бағыттарында жоғары вольттық желілер салу  міндетін белгіледі.

Бұл тапсырма тікелей «KEGOC» АҚ-ның қызмет аясына жатады. Аталған екі желі 2014 жылы іске асырыла бастаған «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің 500 кВ-тық ӘЖ салу» ауқымды жобасының құрамдас бөліктері болып табылады. 

Жоба бойынша жалпы ұзындығы 1700 км-ден асатын жоғары вольттық 500 және 220 кВ электр жеткізу желілері (олардың ішінде 500кВ – 1500км және 220кВ – 200км) мен қуаты 500 кВ «Семей», «Ақтоғай» және «Талдықорған» үш жаңа қосалқы станцияларының құрылысы қамтылады. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған 1150кВ «Екібастұз», 500кВ «Алма», 500кВ «Өскемен» және 220 кВ «Шүлбі ГЭС» АТҚ қосалқы станцияларын кеңейту жоспарланып отыр.      

Бұл жағдайда 500 кВ «Екібастұз - Шүлбі-ГЭС (Семей) - Өскемен» желілерін пайдалануға беру Солтүстік-Шығыс қимасында электр желілерінің өткізу қабілетін арттырады, Шығыс Қазақстан облысының Ресей БЭЖ желілері арқылы өтетін электр энергиясын тасымалдау схемасына тәуелділігіне қарамастан   осы өңірдің энергия тапшылығын өтеуді және контрреттеуіш – Бұлақ ГЭС-ті іске қосқан кезде Шүлбі ГЭС-інен (ШГЭС) толық қуат беруді қамтамасыз етеді.   

Қазіргі уақытта 429 металл тірек орнатылды, 130 км сым жинақталды. 500 кВ «Семей» қосалқы станциясының (ҚС) құрылысы басталды, онда коммутациялық жабдық монтаждалып, қосалқы ғимараттар салынуда. Осы жылы тағы да 200 км желі салынып, «Семей», «Өскемен» және «Екібастұз» қосалқы станцияларында жабдықтарды монтаждау жоспарланып отыр.

Екінші жоғары вольттық 500 кВ «Шүлбі ГЭС (Семей)-Ақтоғай-Талдықорған-Алма» желісін салу Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік бағытындағы транзиттік әлеуетін арттыруға, теміржолдардың, тау-кен өнеркәсібі саласындағы энергияны көп қажет ететін объектілердің электрлендірілген учаскелеріндегі электр энергиясына деген сұранысты өтеуді қамтамасыз етуге, шекара маңындағы аумақтарды дамытуға жағдай туғызу және жаңартылатын энергияның әлеуетін кеңінен арттыруға, сонымен қатар Шығыс аймақтың Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен (БЭЖ) байланысын күшейтуге мүмкіндік береді.    

Қазіргі уақытта трассаларды таңдап, келісу жұмыстары және 500кВ ӘЖ трассалары мен қосалқы станциялардың алаңдары бойынша инженерлік зерттеулер жүргізілуде, объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.   

Ағымдағы жылы 500кВ «Талдықорған-Алма» ӘЖ учаскесінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.  

Тұтастай алғанда, жалпы құны 120 млрд. теңгені құрайтын «500кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» ӘЖ-ні салу» жобасы 2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда.      

Жобаның әлеуметтік маңызы да зор.  Құрылыс кезінде 1800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады, ал аяқталғаннан кейін аталған желіде 97 адам жұмыс істейтін болады.   

Аталған жобаны жүзеге асыру мемлекет сұранысына сәйкес KEGOC-тың Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмысы мен тиімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру жөніндегі жүйелі жұмыстардың жалғасы болып табылады.  

Байланыс ақпараты

Тәуелсіздік даңғылы, 59, Алматы р., Астана қ.,

Қазақстан Республикасы, 010010

Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
Факс: +7 (7172) 690-455
e-mail: kegoc@kegoc.kz

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,38 ГВА болатын 77 қосалқы электр станциясы бар. Компанияда ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында – www.kegoc.kz орналастырылған.