БҰҰДБ мен ҚЭҚ Қазақстандағы жаңғырмалы энергия көздерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақ

16.02.2011

БҰҰДБ мен ҚЭҚ Қазақстандағы жаңғырмалы энергия көздерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2011 жылғы 9 ақпан, Астана қ.  – Қазақстандағы ҰБҰ даму бағдарламасы мен «Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ Қазақстандағы жаңғырмалы энергия көздерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптардың бірлескен қызметі жел энергетикасы бойынша БҰҰДБ жобасының нәтижелерін табыс етуге, сондай-ақ Қауымдастықтың ЖЭК комитетінің орнықты жұмыс істеуіне көмектесуге бағытталған.  

 «12 жыл ішінде БҰҰДБ жаңғырмалы энергия көздерін дамытумен айналысты. Бұл уақыттың ішінде БҰҰДБ Үкіметке нормативтік-құқықтық база мен жаңғырмалы энергия көздерін (ЖЭК) мемлекеттік реттеуді әзірлеу мен жетілдіруде көмек көрсетті. Техникалық көмек шеңберінде Қазақстанның 15 өңірінде жел әлеуетіне талдау жүргізілді, Қазақстанның алғашқы Жел атласы әзірленді, Қазақстанда ЖЭС-ның бастапқы жобалары қолдау табуда. Алайда, ҚР Үкіметінің, БҰҰДБ мен «Қазақстан – жел энергетикасы нарығын дамыту бастамасы» ғаламдық экологиялық қордың бірлескен жобасы аяқталып келеді. Қазақстанда жел энергетикасын және ЖЭК бұдан әрі толығымен дамыту үшін БҰҰДБ жобаның барлық қолда бар нәтижелерін қазақстандық тарапқа табыс етуге дайын», - деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰДБ-ның тұрақты өкілі Стивен Тулл.

 Жаңғырмалы энергия көздерін дамыту үшін Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығы жанынан ЖЭК жөніндегі комитет құрылды, ол баламалы энергетика саласында БҰҰДБ бастаған бастамаларды жалғастыруы тиіс.

 - «Бұл тұтынушылар мен экономиканың мүддесіне сай келеді. Киот Хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттерін орындау шеңберінде парниктік газдардың эмиссиясын азайту мен электр энергиясы өндірісін диверсифиялау үшін қолданылуы тиісті Қазақстанның аса зор жел энергетикалық әлеуеті бар. Қауымдастық қойып отырған негізгі міндеттер нормативтік-құқықтық реттеуді дамытуға қатысу және Қазақстанда әр түрлі көлемдегі ЖЭК жобаларын қолдау болып табылады», - деп атап өтті Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығының Директорлар кеңесінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мырза:

Жоба туралы қысқаша ақпарат:

БҰҰДБ жобасы/«Қазақстан – жел энергетикасын дамыту бастамасы» ҒЭҚ (іске асыру мерзімдері – 2004-2011жж.) Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің атынан жел энергетикасын дамыту арқылы Қазақстанда парниктік газ шығарындыларын азайту мақсатына қол жеткізуге көмек көрсетіп келеді. Қазақстанның жел энергетикалық әлеуетіне зерттеу жүргізу нәтижесінде Алматы, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл және Қарағанды облыстарында жел электр станцияларын салу жөнінде жобалық ұсыныстар дайындалды. Жел энергетикасын дамытудың ұлттық бағдарламасының жобасы әзірленді, сондай-ақ «Жаңғырмалы энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заңды дайындауда көмек көрсетілді