«Еңбекті қорғау балалардың көзімен» тақырыбында суреттер мен плакаттар конкурсы өтті

Қазақ

Сәуір айында «KEGOC» АҚ Еңбекті қорғау департаменті (ЕҚД)  филиалдар қызметкерлерінің балалары арасында «Еңбекті қорғау балалардың көзімен» тақырыбында балалар салған суреттер мен плакаттар конкурсын ұйымдастырды. Бұл іс-шара 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған.  

Конкурсқа 150 бала қатысты. Олар жас ерекешліктері бойынша үш санатқа бөлінді.   

ЖЭТ филиалдары қызметкерлерінің балалары салған суреттер ЕҚД-ға жіберілді. Қызметкерлер балалардың шығармаларымен танысуы үшін барлық  суреттер 2019 жылғы 1 маусымда, балаларды қорғау күнінде «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының бірінші қабатында орналастырылды.   

Конкурсты ұйымдастырушылар іс-шараға қатысқан балалардың барлығын бағалы сыйлықтармен ынталандыруды жоспарлап отыр.