Fitch KEGOC рейтингін "BBB+" деңгейіне арттырды, болжам "тұрақты"

Қазақ

27.11.2012

Fitch KEGOC рейтингін "BBB+" деңгейіне арттырды, болжам "тұрақты"

 Fitch Ratings агенттігі «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы KEGOC» АҚ-ның шетел валютасындағы ұзақмерзімді эмитент дефолты рейтингін (ЭДР) "BBB" деңгейінен "BBB+" деңгейіне дейін көтерді. Ұзақмерзімді  ЭДР бойынша болжам - "тұрақты".

Fitch агенттігінің рейтингілерді көтеруі Қазақстанның шетел және ұлттық валютадағы ұзақмерзімді ЭДР-н  "BBB"-дан "BBB+"-ге және тиісінше  "BBB+"-ден "A-"-ға дейін арттыруынан кейін болды.

Fitch Ratings KEGOC рейтингтері Қазақстанның тәуелсіз рейтингтерімен бір деңгейде болуын компанияның мемлекеттің 100% меншігінде болуымен және борыштың едәуір бөлігі бойынша (2012 жылғы ІІ тоқсанның аяғына 47%-ға жуық) тікелей мемлекеттік кепілдемеге ие болуымен түсіндіріп, сондай-ақ Қазақстан электр тораптары жүйесінің стратегиялық сипаты ескерілгендігін атап өтеді.

KEGOC-тың Қазақстан ҰЭТ-н дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларын іске асыруда "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры тарапынан жасалатын қолдау қолайлы жайт болып отыр.

Fitch агенттігі KEGOC-тың 2012-2015 жылдары жағымды операциялық ақша ағынына ие болатынын болжауда. Агенттік KEGOC-тың өтеу мерзімдері бойынша теңгермелі борыш құрылымы тұрғысынан  KEGOC өтімділігі сәйкес келеді деп санайды. Рейтингті одан әрі көтеру үшін оңтайлы жайттар қатарында KEGOC компаниясының іскерлік немесе қаржылық бейінінің жақсаруы  көрсетіліп отыр.

 РЕЙТИНГІЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ТОЛЫҚ ТІЗІМІ

Ұзақмерзімді ЭДР шетел валютасында "BBB" деңгейінен "BBB+" деңгейіне дейін көтерілді,  болжам - "Тұрақты".

Ұзақмерзімді ЭДР ұлттық валютада "BBB+" деңгейінен "A-" деңгейіне дейін ұлғайды, болжам - "Тұрақты".

 Қысқамерзімді ЭДР  шетел валютасында «F3» деңгейінен «F2» деңгейіне дейін көтерілді.

«KEGOC» АҚ Қазақстан  біртұтас электр жүйесінің жүйелік операторы функциясын атқарады, негізгі міндеті ұлттық электр торабын (ҚЭТ) сенімді басқару болып табылады. Компания "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының құрамына кіреді. Компания балансында ұлттық электр торабын құрайтын кернеуі 110-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың шақырым электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 33,6 ГВА 74 электр қосалқы станциясы бар.