Қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі!

Қазақ

4 және 5 мамырда Атқарушы дирекцияда Еңбекті қорғау департаментінің директоры К.М.Аяпбергеновтің төрағалығымен ЕҚД мамандарымен және ЖЭТ филиалдары ЕҚжӨҚ қызметінің басшыларымен жиналыс және оқыту-семинары өткізілді. 

Еңбекті қорғау департаментінің директоры өз сөзінде 2018-2019 жылдарға арналған Еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың келесі қадамдары және қауіпсіздік мәдениетін өзгертудің заманауи әдістерін қолдану туралы атап өтті. 

Оқыту-семинары бағдарламасының бірінші күні ЕҚжӨҚҚ басшыларының еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған орта саласында атқарылған жұмыстардың нәтижелері бойынша  2018 жылғы 1-тоқсандағы есептері тыңдалды. 

   

Семинар өткізілген күннің екінші жартысында «Қауіпсіздікті басқарудың ең үздік әлемдік әдістері» бойынша ЕҚжӨҚҚ басшыларына оқыту жүргізілді. Оқыту барысында қауіпсіздік саласындағы үздік компаниялардағы қауіпсіздікті басқару, ЕҚжӨҚ басқару жүйесінің элементтері, қауіпсіздікті реактивті қорғаудан проактивті қорғауға дейін басқарудың тәуекелге бағытталған әдістері бар қауіпсіздікті басқарудың кіріктірілген құрылымының қағидалары талқыланды. Бұл оқыту семинарын Еңбекті қорғау департаментінің серіктес директоры, өндірістік қауіпсіздікті басқару саласында жаңа әдістерді ендіру және жүзеге асыру бойынша үлкен өндірістік және практикалық тәжірибесі бар Николай Гармаев өткізді. 

Семинар бағдарламасының келесі күні сәуір айында бекітілген «Оқиғалар, дауларды тексеру қағидалары және «KEGOC» АҚ-ға қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөнінде есеп беру» бойынша қатысушыларға оқыту өткізілді. Оқыту семинарына қатысушылар оқиғаларды тексеру бойынша білім алды және дағдыларды меңгеріп, оларды жұмыста қолдану үшін практикалық жаттығулармен бекітті.

Семинарға қатысушылар оқыту семинарының ұйымдастырылуына оң бағаларын берді және филиалдың өндірістік құрылымдарының қызметкерлері үшін қосымша оқыту жүргізуді ұсынды, себебі «Қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі» болып табылады.