Қазақстан қор биржасының сауда жүйесінде (KASE) «KEGOC» АҚ облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті

Қазақ

«KEGOC» АҚ 2017 жылғы 29 тамызда  «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында жалпы көлемі 36,3 млрд. теңге облигациялардың екінші шығарылымын (табыстылығы - 11,5%, мерзімі - 15 жыл) ойдағыдай орналастырды. 

Сауда-саттық нәтижесінде қатыстыру көлемі бойынша облигациялардың 24,8%-ын ЕДБ, 63,8%-ын басқа институционалдық инвесторлар, 2,7 %-ын брокерлік-дилерлік компаниялар, 8,7%-ын басқа да заңды тұлғалар сатып алды. 

Тартылған ақша қаражаттары компанияға «Нұрлы-Жол» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің 500 кВ ӘЖ-сін салу» инвестициялық жобасын уақтылы аяқтауға мүмкіндік береді. Осы жоба Ұлттық электр торабының Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік бағыты бойынша транзиттік әлеуетін арттыруға, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы электрмен жабдықтау және электр энергиясы тапшылығының орнын толтыру сенімділігін қамтамасыз етуге және шекаралас аумақтарды дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған. 

Жобаның құны – 105,5 млрд. теңге, іске асыру кезеңі – 2012-2018 ж.ж.