Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласының 2014 жылғы жұмыстарының қорытындысы туралы Баспасөз хабарламасы

Қазақ

09.01.2015

Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласының 2014 жылғы жұмыстарының қорытындысы туралы Баспасөз хабарламасы

Астана қ.                                                                                            2015 жылғы 9 қантар

Жедел деректер бойынша 2014 жылы Қазақстанда өндірілген электр энергиясы 93918,5 млн.кВт.сағ. құрады, бұл 2014 жылғы осындай көрсеткіштен (91972,7 млн.кВтсағ.) 1945,8 млн.кВтсағ. немесе 2,1 %-ға жоғары.

Қазақстан БЭЖ бойынша қуатты пайдаланудың ең жоғары көрсеткіші 2014ж. 28 қарашада сағат 19:00-де тіркелді және ол 13 586 МВт құраған. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен (27 желтоқсан 2013ж., 19:00 сағат) салыстырғанда 487 МВт немесе 3,7%-ға артқаны байқалады.

 Елімізде электр тұтыну көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 1991,7 млн.кВтсағ. немесе 2,2%-ға артты және 91632,5 млн.кВтсағ. құрап отыр. Тұтыну көлемі Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Батыс аймағында 700,5 млн.кВтсағ. (6,8%), Оңтүстікте 1227,9 млн.кВтсағ. (6,6%) және Солтүстік аймағында 63,3 млн.кВтсағ. (0,1%) артты.   

Қазақстанның оңтүстігіндегі электр энергиясына деген артып келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету, сонымен қатар ҚР БЭЖ қызметінің сенімділігін арттыру мақсатында, «KEGOC» АҚ 2014 жылы ұзындығы 1500 км астам 500кВ «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзиті жобасын іске асыруға кіріскенін атап өткен жөн.

 Есептік кезеңде Ресейге электр энергиясының сальдо-ағыны 1515,6 млн.кВтсағ. құрады: 2060,8 млн.кВтсағ. экспортқа шығарылды, 545,2 млн.кВтсағ. импортталды.  

Қырғызстанға сальдо-ағын 118,6 млн.кВтсағ. (2013 жылы Қырғызстаннан 374,2 млн.кВтсағ. қабылданды) құрады. «Өзбекэнерго» МАК 651,8 млн.кВтсағ. (2013 жылы – 405,5 млн.кВтсағ.) жоспардан тыс тұтынды.

Соңғы 5 жыл ішінде республикада жиынтық қуаты 1800 МВт болатын өндіру қондырғылары жаңғыртылды, қайта қалпына келтірілді және пайдалануға берілді. Ұлттық маңызы бар блокты электр станцияларының  энергетикалық блоктарындағы авариялық ажыратулар саны айтарлықтай азайды. 2010 жылы Екібастұз МАЭС-1, Екібастұз МАЭС-2 және «ЕЭК» АҚ электр станциясында 120 авариялық ажыратулар тіркелді, 2014 жылы бұл көрсеткіш екі есеге азайып, 66 авариялық оқиға анықталған.  

Жоғарыда аталған деректер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы Қаулысымен қабылданған энергия өндіруші мекемелер үшін 2015 жылды қоса алғанға дейінгі кезеңге жыл сайын арттыра отырып,  электр энергиясының шекті тарифін бекіту туралы шешімнің тиімділігін дәлелдеп отыр. Бұл шешім электр энергиясы бағасының бақылаудан тыс  өсуін болдымауды және өндіру саласына инвестиция тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шара болып табылды. «Инвестицияға тариф айырбастау» саясатын қолдану нәтижесінде энергия өндіруші ұйымдар өздерінің өндіру қондырғыларын қайта құру және жаңғырту үшін ақшалай қаражатқа қол жеткізді, бұл еліміздегі электр энергиясына деген артып келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осылайша, энергия өндіруші ұйымдарға босатылатын электр энергиясына баға белгілеу мәселелері ҚР Үкіметінің бақылауында және бұрын 2015 жылға бекітілген шекті тарифтерге қарағанда ағымдағы жылы баға өсімі болмайды деп күтілуде.  

Компания туралы ақпарат 

 «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік  операторы  міндеттерін атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың км электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 36,38 ГВА болатын  77 электр қосалқы станциясы бар.  Компанияда ЕБҰ-ны қосқанда  4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпаратты  оның корпоративтік Интернет-ресурсынан алуға болады - www.kegoc.kz. 

Баспасөз үшін байланыс

Алмагүл Жакеева

тел.: +7 (7172) 69-04-68

pressa@kegoc.kz

 



..