Қазақстан Республикасының Энергетика министрі «KEGOC» АҚ-на барды және электр энергетикасы саласын дамытудың мәселелері бойынша кеңес өткізді

Қазақ

 Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ -на барды және электр энергетикасы саласын дамытудың мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды «KEGOC» АҚ-ның баспасөз қызметі.

 «KEGOC» АҚ электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстандық ұлттық компаниясы - орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын, басқа мемлекеттердің энергетика жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз ететін, энергия жүйесіндегі балансқа қолдау көрсететін, жүйелік қызметтерді көрсететін және электр энергиясы нарығының субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алатын, сондай-ақ ұлттық электр желісімен электр энергияны беретін, оған техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалануға дайындайтын жүйелік оператор.

 Министр жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының жұмысымен танысты.

Кеңес барысында «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев Нұрлан Асқарұлына Қазақстанның электр энергетикасы саласының ағымдағы жай-күйі туралы хабардар етті және «KEGOC» АҚ жұмысының нәтижелері туралы, Ұлттық электр желісін күшейту жөніндегі іске асырылған және ағымдағы жобалар туралы, сондай-ақ компанияның перспективалық жобалары туралы есеп берді. 

Министрге ЖЭК секторындағы және қуат нарығында «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның қызметі туралы ақпарат және электр энергетикасы нарығының осы сегменттеріне егжей-тегжейлі талдау ұсынылды.

 Кеңес қорытындысы бойынша Энергетика министрі «KEGOC» АҚ-ның тиімді жұмысына жоғары баға беріп, уәкілетті тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.