Қазақстанның оңтүстік өңірін энергиямен жабдықтау туралы мәлімет

Қазақ

02.03.2011

Қазақстанның оңтүстік өңірін энергиямен жабдықтау туралы мәлімет

2010-2011жж. ағымдағы күзгі-қысқы кезеңде (КҚК) Қазақстанның тұтынушыларын энергиямен жабдықтау толық көлемде және еш шектеусіз жүзеге асырылуда. Өткен жылмен салыстырғанда Шығыс өңірдегі жұмыс режимінің тұрақтануы байқалады. 

Өткен КҚП-мен салыстырғанда Қазақстанның солтүстік аймағы бойынша барынша көп жүктеме 318 МВт-қа немесе 3,8 %-ға артты, батыс аймағы бойынша 64 МВт-қа немесе 5 %-ға азайды, оңтүстік аймағы бойынша  138 МВт-қа немесе 4,9 %-ға артты.

 Тұтынудың 50%-ын құрайтын тапшылық Оңтүстік өңір бойынша Солтүстік аймақтан келетін ағынмен (1300  МВт деңгейінде) және Орталық Азияның БЭЖ-нен (Қырғызстанның ҰЭТ) келетін жеткізілімдермен жабылады.

Қазақстанның оңтүстік өңірін энергиямен жабдықтау «Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің шектеулі жүктемесі режимінде жүзеге асырылатындығын атап кеткен жөн, бұл Т.Батуров атындағы Жамбыл МАЭС генерациясының төменгі деңгейімен байланысты. Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығының (ЖО ҰДО) ақпараты бойынша қазіргі уақытта станция бір блокты режимде жұмыс істейді және 90 МВт-тық жүктеме көтереді (станцияның иелік қуаты 1070 МВт).

Отынның қажетті қорының болмауына байланысты станция тұтынушылардан электр энергиясын жеткізуге өтінім қабылдамайды. Соның салдарынан кешкі максимум сағаттарда «Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің үзілу мүмкіндігі мен апатты жағдайлардың туындау қауіпі елеулі түрде артады. 

Тұтастай алғанда ағымдағы КҚК-ның бүкіл кезеңінде «Солтүстік-Оңтүстік» транзитінде 1 наурыздағы жай-күй бойынша қуатты төндірудің апатқа қарсы автоматикасының (ҚТА)  Орталық Азиядағы тұтынушыларды ажыратуға бұйрық берілген жұмысының 94 жағдайы тіркелген. 

Ақпан айының барысында Өзбекстанның энергия жүйесінің берілген кестеден электр энергиясы мен қуатын (200 МВт-дан 300 МВт-ға дейін) қабылдау жағына қарай тұрақты түрде ауытқуы тіркелді. Қазақстанның БЭЖ-нан электр энергиясын келісім-шартсыз алу Қазақстанның тұтынушыларының Қырғызстанның энергия көздерінен келетін энергия қуатын реттеу жөніндегі қызметтерді соңына дейін ала алмауына және Ресей Федерациясымен шекарада электр қуатының жоспарлы сальдо-ағынының бұзылуына әкеліп соқтырады. 2011 жылғы 28 ақпандағы жай-күй бойынша Ресейден келетін электр энергиясының жоспардан тыс ағынының көлемі оралымды деректер бойынша 12  млн. кВтсағ.  асты.

Ағымдағы күзгі-қысқы кезеңде Қазақстанның БЭЖ-дағы барынша көп тұтыну жағдайы 2010 жылғы 22 желтоқсанда тіркелген және12834 МВт құрды, бұл алдыңғы КҚК-ның көрсеткішінен 392 МВт-қа немесе 3,2%-ға жоғары.