«Қазпошта» демалыс күндері де жұмыс істейді

Қазақ

28.11.2014

«Қазпошта» демалыс күндері де жұмыс істейді

«KEGOC» акцияларына жазылу мерзімінің аяқталуына 6 күн қалды. Акционер атанғысы келген азаматтарға қолдан келгенше ыңғайлы жағдай жасап отырған «Қазпошта» мекемесі осыған байланысты жұмыс кестесіне өзгеріс енгізгенін хабарлады.

“Қазпошта” АҚ өз клиенттеріне ыңғайлы болуы үшін демалыс күндерінде де жұмыс режимін бекітіп отыр:

2014 ж. 29 қараша – 9:00-ден 17:00-ге дейін (республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, облыс және аудан орталықтарында)

2014 ж. 30 қараша – 9:00-ден 15:00-ге дейін (республикалық маңызы бар қалалардың орталық операциялық учаскелерінде, облыс және аудан орталықтарында )

http://halyk-ipo.kz/kz/kogda-vse-otdy-hayut-kazpochta-rabotaet.html



..